0 комментариев

Кейде сәбилер жылағанда қай жері ауырып тұрғанын білмей, абдырап қаламыз. Егер бала жылауын тоқтатпай мазасыздана берген жағдайда дәрігерлер ата-аналарға белгілі бір нүктелерге массаж жасау арқылы, сәбилер мазасызданғанын доғарып біраз да болса тынышталатындығын айтқан болатын. Енді ол қандай нүктелер екенін kyn.kz сайтынан толық оқып біле аласыз.

Сәби жылай бастаған кезде дереу аяғының табанын алты бөлікке бөліп, ең алдымен массаж майын жағып сипалай бастаймыз. Бұл алты бөліктің арасында өзге де нүктелер бар. Міне сол нүктелерді жаймен әрі жағымды етіп ыса отырып, баланың қай нүктені уқалаған кезде өзін жайлы сезінгенін байқауға болады. Кей кезде бала жайсыздықты сезінгенімен дәрігерлер де тәжірибелі ата-аналар да нақты қорытынды шығара алмайды. Дәрігерге сүйремес бұрын өз балаңыздың қай жері ауырып тұрғанын біле аласыз.
Баланы ұйықтатар алдында ақырын сипасаңыз жақсы әрі тез ұйықтап кетеді. Бұл ұқалау тек сипап, жайлылық пен рақат силау үшін жасалады. Егерде батырып, саусақ пен табанға күш салатын болсаңыз баланың қан айналымы жылдам жүріп, керісінше ұйқысын ашып жіберуіңіз де мүмкін.
Ал енді табандағы нүктелердің қай бөлігі қандай ағзаға жауапты екенін біліп алыңыз:
1.Бармақтың жоғарғы жағы: Мұрын мен тамақ.
2.Бармақтың төменгі жағы: Тамақ пен тіс.
3. Асқазанның төмені мен қарынның жоғары жағы
4. Қарынның жоғарғы бөлігі
5.Іштің төменгі жағы
6. белден төменгі аймақ.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий