0 комментариев

Шағатай ұлысы  жайында ақпараттарды  kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Шағатай ұлысы – 1260-1346 жылдар аралығында Шығыс Түркістан, Жетісу, Мәуереннахр аумағында салтанат құрған көшпелілер мемлекеті. Бұл ұлыс Шыңғыс ханның екінші ұлы – Шағатай иелігі негізінде пайда болған.

Шағатай хан (моңғ. Цагадай) — Шыңғыс ханның екінші ұлы. Анасы — Бөрте. Әкесі қайтыс болғаннан кейін ол қазіргі Орталық Азияның бес мемлекетінің жерінің басым бөлігін және солтүстік Иранды еншілеп алды. Ол 1241 жылы қайтыс болғанға дейін соларды басқарды. Шыңғыс хан Ұлы жасақ заңын енгізуді де оған тапсырған болатын. Шағатайдың қол астындағы жерлер кейінірек Шағатай ұлысы деп аталып кетті. Шағатай Жошының Ұлы хан болып сайлануына үзілді-кесілді қарсы болды. Оның жеке басының мінезі шәлкес әрі қызба болып саналған. Өз адамдарының арасында Жошы туралы пікірін бүкпей айтып жүрген. Шағатайдың ұлы Мүтіген 1221 жылы Бамиян маңындағы шайқаста қаза тапты.

Абай өзінің «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» еңбегінде: «…бұларды Шыңғыстың Шағатай деген баласының нәсілі билеп тұрыпты. Ол Шағатай нәсілінің үлкен ханы Ташкентте тұрып, бұларды бір інілері билейді екен. Сондағы билеген хандары, билері, бұларды ешбір түзу қарекетке түсіндірмей, дәйім барымтамен мал қумақ, ауыл шаппақ, бірде бұл ел, бірде ол елмен жауласпақ, қырқыспақ, күн кешіп, еш шаруа, өнерге үйрене алмай, өздері кедей болған Һәм өспеген» деп сол дәуірдегі шындықты шын көрсетеді. Мемлекеттің іс жүзінде негізін қалаған — Шағатайдың немересі Алгу.

Ол қазіргі солтүстік-шығыс Ауғанстан жерін иемденіп алды. Ол ел Иль-хандар иемденіп отырған елге қарағанда ислам дінінің әсеріне әлдеқайда аз түскен болса да, ол елде де мұсылмандар бар болатын және тағы біраз адам мұсылман дініне кірді. Бірақ көшпенді өмір салттарын көпке дейін өзгерткен жоқ.

Кейбір тарихшылар сол аймақтағы қалалар мен ауыл шаруашылығының құлдырауының себебін осыдан көреді. Ислам дінін қабылдаған ең алғашқы билеуші Мүбәрак шах болды. Бұл оқиға 1256 жылы орын алды. Бірақ содан 30 жыл өтпей жатып басқа билеушілер исламнан бас тарта бастады.

Тармаршырын ислам дінін қабылдап, бүкіл әулетті исламға қайтаруға әрекет етті. Бұған хандықтың шығыс жағындағы көшпенділер наразы болып, 1334 жылы оны өлтірді. Оның қазасынан кейін Шағатай ұлысы бытырап кетті. Ақсақ Темір кейінірек осы әулеттің бір қызына үйленді. 16-шы ғасырдың басына қарай Шағатай әулеті Мәуереннахр жерінде (қазіргі Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Оңтүстік Қазақстан облысы) билікті қолға түсіріп, 15 ғ. көшпенді өзбектердің Шайбан әулеті келгенге дейін билік құрды.

 

 

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий