0 комментариев

Найзағай құдды бір аспанда әдемі шамдар ойнағандай таңғажайып керемет көрініс болса бір жағынан адамның үрейін ұшырып дауысы өте қорқынышты естіледі. Біраз уақытқа дейін бұл көрініске нақты жауап берілмеген. Соңғы деректер сүйеніп kyn.kz сайты табиғы құбылыс найзағайға байланысты қызықты ақпараттармен бөліспек.

Найзағай жарқылы – бұлттарды немесе жерде шоғырланған электр зарядтары есебінен пайда болатын алып электр заряды.

Әр секундт сайын, Жер бетіне 50 найзағай ұрады. Статистика бойынша, найзағайдың соққысына ұшыраған адамдардың 70%-ы тірі қалады. Бұл атмосфералық құбылыс, бір жылда 10-20 мың адамның өмірін әкетеді.

Оның жылдамдығы 10000км/секундтан асады. Ұзақтығы өте аз, әдетте 1 секундтқада жетпейді. Соған қарамастан, бұл электрлік зарядтан бөлінетін орташа энергия – шамамен 5 миллиард джоульді құрайды.

Найзағай ұрған кезде, ауаның температурасы 30000 градусқа дейін қызады. Бұл Күннің температурасынан 5 есе көп!

Оның ұзындығы әдетте 10 километрге созылады. Ресми тіркелген ең үлкен ұзындық – 321 км. Ал Жапонияда, нажағай ауа-райы ашық кезде жағажайға түсіп, бірнеше адамға тиген. Ол 140 шақырым қышықтықтан келген.  Оның пайдасы бар. Найзағайлар, ауаны тазартатын азонды шығарады, сондай-ақ, планетаны ультракүлгін сәулелерінен қорғайды.

Америкалық Рой Салливан Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген – оған 7 рет нажағай соғып, денсаулығына ешқандай зақым келмеді.Бұл электрлік заряд келтіретін залал өте үлкен.

Олар жиі өрттер тудырады, электр жүйелерін істен шығарады және электр құрылғыларын үнемі күйдіріп отырады.

Ал 2017 жылы Қазақстанның даласына найзағай түсіп, қатты өрт басталған. Нәтижесінде, шопан мен 1408 қой қырылып қалды.Найзағай бір жерге екі рет ұрмайды деген қате тұжырым. Ол 3 ретте соққан оқиғалар белгілі.

Ежелгі заманда, адамдар оны құдайдың қаһарымен байланыстырған.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий