0 комментариев

Жұлын дегеніміз не? Жұлының құрылысы қандай болатындығын kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Жұлын филогенездік тұрғыдан Орталық жүйке жүйесінің ең ерте пайда болған көне бөлімі. Ол рефлекторлық және өткізгіштік қызмет атқарады. Оның рефлекторлық қызметі жұлында көптеген тұлғалық (сомалық) және вегетативтік рефлекстер доғасының тұйықталмауымен байланысты. Демек, жұлын көптеген рефлекстерді атқаруға қатынасады. Оның мойын, кеуде, бел омыртқалық бөлімдерінде бас, мойын, дене тұлғасы, аяқ еттерінің қызметтерін реттейтін орталықтар орналасады. Демек, жұлын дене қимылын реттеуге қатынасады. Сонымен қатар жұлынның 3-5 мойын омыртқа деңгейінде көк еттің (диафрагма) әрекетін реттейтін орталық, ал құйымшақ бөлімінде – нәжіс шығару, зәр шығару жыныстық рефлекстер орталықтары орналасады.

Қызмет ерекшеліктеріне қарай жұлындағы жүйке талшықтары жалғастырғыш (ассоциативтік), көлденең ұластырғыш (комиссуральдық) және афференттік не эфференттік (проекциялық) болып бөлінеді.
Орталыққа тепкіш өткізгіш жолдар сыртқы немесе ішкі орта әсерін қабылдайтын рецепторлардан импультерді мидың әртүрлі құрлымдарына жеткізеді. Орталық жіңішке және сына тәрізді шоғыр, латеральдық және вентральдық жұлын-таламустық жол, дорсальдық және венальдық жұлын-таламустық жол, дорсальдық және вентральдық жұлын-мишық жолы жатады.

Жіңішке және сына тәрізді шоғырлар (Голл және Бурдах жолы) жұлындық түйіндердің сезімтал нейрондарының өсінділері болып табылады, үлпекті талшықтардан құралады. Қозу импульсін 60-100 м/сек. Жылдамдықпен өткізеді.

Латералдық жұлын-мишық жолын, немесе Флексиг шоғырын, жұлынның дорсалдық мүйізінде орналасқан нейрондар аксоны құрайды. Бұл жол талшықтары айқаспай өз беткейімен мишыққа барады, қозу импульсін 110 м/с жылдамдықпен өткізеді.

Вентральдық жұлын-мишық жолы, немесе Говерс шоғыры, жұлынның дорсальдық 120 м/с жылдамдықпен мишықтың дененің қарсы беткейіндегі жартысына жеткізеді. Бұл жол сіңірден, тері мен ішкі рецепторлардан тараған ипульстерді өткізеді, дене қимылдарын қамтамасыз етіп, дене кейпін бақылауға мүмкіндік береді.

Жұлынның орталықтан тепкіш өткізгіш жолдары Орталық жүйке жүйесінің жоғары бөлімдерін жұлынның эфекторлық нейрондарымен байланыстырады. Олардың негізгілері – қыртыс-жұлындық (пирамидалық), рубро-жұлындық, вестибуло-жұлындық және ретикуло-жұлындық жолдар болып табылады.

Пирамидалық жол үлкен ми жарты шарлары қыртысының қозғағыш аймақтары нейрондарының аксондарынан құралады. Жол жөнекей бұл аксондар аралық, ортаңғы, сопақша ми құрлымдарына, торлы құрымға бүйір тармақтар береді де, сопақша мидың төменгі бөлігінде олардың негізгі тармақтары дененің қарсы беткейіне өтіп, латеральдық пирамидалық жол құрайды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий