0 комментариев

Ми. Мидың құрылысы түрлері және қызметі қандай болатындығын kyn.kz сайтынан оқып біле

аласыздар.

Сопақша ми ми сабағының маңызды құрылымдарының бірі. Ми сабағы деген атпен сопақша ми құрылымдарын біріктіреді. Ми сабағының ішінде ретикулярлы формация орналасады.
Адам мен барлық омыртқалы жануарларда сопақша ми жұұлынның жалғасы болып табылады, сондықтан онда жұлынға тән қарапайым сегменттік сипат сақталады. Сопақша миға да жұлын тәрізді рефлекторлық және өткізгіштік қызмет тән.

Сопақша мида нейрондар шоғырланып, ерекше құрлым – ядролар пайда болады. Ядролар әр түрлі рефлекторлық қызметтердің орталығы ми жүйке тамырлары арқылы дененің барлық бөліктерімен байланысады. Оны екі жұп ми жүйке тамырларының сегіз жұбы (Y – XII) осы сопақша мидан басталады.

Олар үштармақ , әкеткіш, беттік, есту, тіл-жұтқыншақ, кезеген, қосымша және бұғақтық (тіл асты) жүйке тамырлары. Сопақша мида тыныс алу, жүрек қызметін реттеу орталықтары, тамыр қозғағыш орталық, көмірсулар алмасуын реттеу, ему, шайнау, сілекей бөлу, жұту, қарын, ұйқы безі сөлін бөлу орталықтары, жөтелу, түшкіру рефлекстерінің орталықтары, Дейстерс ядросы және басқа тіршілік маңызы зор орталықтар орналасқан. Сонымен қатар сопақша мида бас еттерінің, көздің, ішкі құлақ шытырмағының (лабиринтінің) афференттік жүйкелерінің орталықтары орналасады.

Сопақша ми вегетативтік қызметтер мен қаңқа еттері тонусын реттеуге қатысады. Бұлшық ет тонусын реттеу Дейстрес торшалары маңызды орын атқарады. Сопақша ми мен ортаңғы ми арасын тіліп, Дейстрес торшаларының қызыл ядромен байланысатынын үзсе, жануарларда децебрациялық сіресу деген атпен белгілі құбылыс байқалады.

Сопақша мидың өткізгіштік қызметінің арқасында мидың жоғары бөлімдері жұлынмен байланысы, шеткі мүшелерге, вегетативтік қызметтерге ықпал етеді. Жұлынның барлық өткізгіш жолдары сопақша ми арқылы өтеді. Артқы миға көпір мен мишықты жатқызады.

Көпір – негізінен өткізгіштік қызмет атқарады. Ол мидың алдыңғы, соңғы бөлімдері мен мишықты байланыстырады. Көпірдің сұр затында ми жүйкелерінің Y-YIII- жұптарының ядролары, торлы құрлымды ядролары және көпірдің өзіндік дербес ядролары, торлы құрлым ядролары және көпірдің өзіндік дербес ядролары орналасады.

Мишық – көпір мен сопақша мидың үстіңгі жағында орналасады. Ол көлемді бүйір бөліктерден – жарты шарлардан және солардың біріктіретін құртшадан тұрады.

Мишық алдыңғы жол арқылы ортаңғы мимен, ортаңғы жол арқылы – көпірмен, артқы жол арқылы – сопақша мимен, ал көпір арқылы үлкен ми жарты шарлармен байланысады. Мишық рецепторлармен және эффекторлармен тікелей байланыс түзбейді, бірақ оған өте көп афференттік импульстер жетіп отырады.

Мишық дене қимылдарының үйлесімін, дене кейіп және дененің тепе-теңдігін сақтауда маңызды роль атқарады. Оның әсерімен бұлшық ет тонусы өзгеріп, қимыл-әрекет кезінде жеке ет топтарының жиырылу күші реттеліп, артық, ебедейсіз қимылдар байқалмайды. Мишықты сылып тастаса бұлшық ет тонусы бұзылады (автония), қимыл үйлесімділігі, атқарлатын қимыл мен бұлшық еттің жиырылу күшінің арасындағы сәйкестік бұзылады (атакция), теңселмелі қимылдар пайда болады (астазия), бұлшық еттердің жиырылуындағы үйлесімдік бұзылады (асинергия), организм тез қажиды, әлжказдық байқалады (астения).

Мишық организмнің вегетативтік қызметіне де әсер етеді. Мишықты тітіркендіргенде көздің қарашығы үлкейіп, артерия қысымы жоғарылайды, тамырдың соғу жиілейді, бұлшық етте қалыптастыру процесі күшейеді. Мишық алынған соң ас қорыту жолының қимылы баяулап, қарын мен ішек сөлінің нәрлену процесі бұзылады. Осыдан мишықта орналасады деген болжам жасалған.

Сүт қоректілерде ортаңғы ми дорсальдық және базалдық (негіздік) бөлімдерден тұрады. Дорсальдық бөлімге төрт төмпешік жатады. Бұл құрылымның алдыңғы қос төмпешігінде көрудің, артқы қос төмпешікте – естудің бағдарлық рефлекстерінің орталықтары орналасады. Осы орталықтардың қатысуымен көз, құлақ қимылдап, бас тітіркендіргіш көзі орналасқан жаққа қарай бұрылады.

Ортаңғы мидың базалдық бөлімін оның сабақтары құрайды. Әрбір сабақ үш құрлымнан-бүркемеден, қара төсемектен және табан негізден тұрады. Бүркемеде қызыл ядро және шығырлық жүйке мен көз қимылдық жүйке ядролары (III. IY ми жүйкелері) орналасады. Бұл жүйкелер көз алмасының еттерін жүйкелендіріп, көз қимылдарының үйлесімділігін қамтамасыз етеді.
Статокинетикалық рефлекстер қимыл кезінде айналым, үдемелі қозғалыс, түзу сызықты қозғалыс үстінде іркілу салдарынан туындайды.

Айналым қозғалыс кезінде статокинетикалық рефлекстер жартылай дөңгелек түтіктер ресепторларының тітіркенуі нәтижесінде туындайды. Бұл рефлекстің орталығы ортаңғы мидың қызыл ядросында орналасады.Үдемелі қозғалыс және іркілес кезінде рефлекстер ішкі құлақ сағасындағы отолит аппараты рецепторларының тітіркенуі салдарынан туындайды.

Ми қыртысы жақсы дамыған жоғары сатыдағы жануарларға лабиринттік және пропиорецептивтік рефлекстерді басып, тежеп отыратын қасиет тән. Осының нәтижесінде олар әр түрлі кейіпте бола алады: бүйірімен не шалқасынан жата береді. Ми қыртысы неғұрлым жақсы дамыса, соғұрлым организмдердің қимылдары еркін, күрделі, үйлесімді келеді.

Көру төмпегі (таламус) – мидың ең көне бөлігі. Онда сұр заттан түзілген көптеген ядролар (40-қа жуық) шоғырланады. Бұл ядролар алдыңғы, медиальдық және латеральдық болып бөлінеді.

Таламус иістік импульстерден басқа үлкен ми жарты шарларына бағытталған барлық афференттік импульстердің қақпасы болып есептеледі. Таламус ядроларында жанасу, проприо -, термо -, ауырсыну, дәм сезу рецепторларынан бағытталған импульстер тоғысады.

Эпиталамуста иіс сезу орталығы мен ішкі секрециялық без – эпифиз орналасады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий