0 комментариев

Гипоталамус дегеніміз не және оның қызметі қандай деген сұрақтың жауабын kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Гипоталамус – көлемі жағынан кішкентай ғана құрылым, бірақ онда көптеген ядролар шоғырланады. Олардың негізгілері паравентрикулярлық, супраоптикалық ядролар, сұр төмпек, еміздікше дене. Гипоталамус аймағында жалпы алғанда 32 жұп ядро орналасады.

Гипоталамус көру төмпегі мен ми қыртысының вегетативтік жүйке жүйесімен жалғастырушы буын болып табылады. Осыдан гипоталамус вегетативтік функцияларды, симпатикалық және парасимпатикалық реакцияларды реттеуде – иісінде. Гипоталамутың артқы ядролары симпатикалық, ал алдыңғы ядролары парасимпатикалық реакцияларды реттейді.

Гипоталамус дене температурасын ретеуге қатысады. Сұр төмпекті зақымдағаннан кейін жануарлар организмдегі жылу түзу және жылу бөлу процестері бұзылып, дене температурасы тұрақты сақталмайды. Гипоталамуста белоктың, майдың, көмірсулардың, су мен минералды заттардың алмасуын реттейтін орталықтар орналасады.

Гипоталамус түрлі эмоцияларды, организм мен сыртқы орта арасындағы байланысты қалыптасуда маңызды роль атқарды. Оның жыныстық және агрессивті қорғаныс рефлекстеріне байланысты өрлеу жүйесі төмендеу жүйесінің белсендіруші немесе тежеуші бөлімдерімен бір мезгілде қозуы мүмкін.

Бірінші жағдайда ми қыртысының талдау және жинақтау (аналздік және синтездік) қызметі артады да, рефлекстер күшейеді, бірден әрекет туындайды. Екінші жағдайда, орта жағдайы бағдарланған соң ғана әрекет басталады.

Торлы құрлыммен түрлі эмоциялар – үрей, рахаттану, ызалану т.с.с. байланысты, сондықтан гипоталамус аймағындағы торлы құрылым ядроларын дәлелдеп тітіркендіру арқылы үрей, ызылану, рахаттану эмоцияларын тудыруға болады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий