0 комментариев

Бұғаз дегеніміз не осы сұрақтың жауабын kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Бұғаз дегеніміз екі құрлық аумағын бөлетін және іргелес жатқан су бассейндерін қосатын су кеңістігі.

Мысалы: Беринг бұғазы, Гибралтар бұғазы, Ла-Манш бұғазы немесе Ағылшын бұғазы, Ла-Манш бұғазы немесе Ағылшын бұғаздарына кішігірім тоқталып өтсек.

Беринг бұғазы Азия мен Солтүстік Американы екіге бөледі.

Беринг бұғазы арқылы Солтүстік Мұзды мұхитының жағалауында орналасқан порттарда кемелер Тынық мұхитына барады. Бұл бұғаздың да халықаралық саудадағы рөлі зор.

Мысалы Ресейдің солтүстік аймақтарында өндірілетің мұнай мен минералдардың біраз бөлігі осы Беринг бұғазы арқылы – Жапония, Корея, АҚШ сияқты елдерге тасымалданады.

Сонымен қатар Еуропадан Америкаға баратын теңіз жолы осы бұғаз арқылы өтеді.

Гибралтар бұғазы
Гибралтар бұғазы Жерорта теңізін Атлант мұхитымен байланыстырады.

Гибралтар бұғазы да халықаралық саудада зор мәнге ие, себебі бұл бұғаз арқылы көптеген кемелер өтеді. Себебі Жерорта теңізі мен Қара теңіздері жағалауында көп халық қоныстанған, көп дамыған мемлекеттер бар.

Сонымен қатар Гибралтар бұғазы арқылы Үнді мұхитынан келген кемелер (Қызыл теңізді Жерорта теңізімен қосатын, Мысырда орналасқан Суэц каналы арқылы) Атлант мұхитына өтеді.

Ла-Манш бұғазы немесе Ағылшын бұғазы
Ла-Манш бұғазы Еуропа мен Британия аралдарын бөліп тұрады.

Бұның екінші атауы Ағылшын бұғазы. Ла-Манш бұғазының халықаралық саудадағы рөлі зор. Себебі көп кемелер бұл бұғаз арқылы өтеді.

Ла-Манш бұғазы арқылы Солтүстік Еуропа елдерінің кемелері Америка мен өзге елдерге барады.

 

 

 

 

Бұғаз дегеніміз екі құрлық аумағын бөлетін және іргелес жатқан су бассейндерін қосатын су кеңістігі.

Мысалы Босфор бұғазы  Қара теңізді  Мәрмәр теңізімен  қосады және Еуропа мен Азияны бөледі.

Босфор бұғазы Қара теңізді Мәрмәр теңізімен қосады.

Боспор бұғазы Еуропа мен Азияны бөледі. Боспор немесе Босфор бұғазы халықаралық саудада елеулі мәнге ие. Себебі бұл бұғаз арқылы Қара теңіз жағалауындағы порттардан кемелер Жерорта теңізіне және одан асып төрт мұхитқа жете алады.

Қазақстандық тауарлар мен шикізаттын біраз бөлігі осы бұғаз арқылы тасымалданады (Батыс Қазақстаннан поездбен Ресей арқылы Қара теңізге дейін жетеді де Қара теңіздегі порттарда кемеге жүктеліп, алыстағы елдерге жөңелтіледі). Мысалы бидай мен мұнай.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий