0 комментариев

Әсет Найманбайұлы туралы қызық ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Әсет Найманбайұлы (1867 — 1923) — қазақтың атақты әнші — композиторы, суырыпсалма ақыны. Қарқаралы уезінің Темірші болысына қарайтын 8 ауылда ( қазіргі Қарағанды облысы, Қоңырат ауданы, «Қызыларай» колхозы ) туған. Осы маңдағы Керегетас, Қызыларай таулары мен Қаршығалы өзенінің бойы Әсеттің атамекені болған. Әсет жеті-сегіз жасында Көктума да ( қазіргі Семей облысы, Мақаншы ауданы, Бахты ауылы ) Зейнулла имамның медірессесінде оқиды. Он төрт-он бес жасқа келгенде әкесі өліп, Көктал болысындағы нағашысына барады. 14 — 15 жасында — ақ ақындық, әншілік өнерімен танылған.

Әсет — ең алдымен ақын. Оның кейбір өлеңдері құдайға сыйыну, дінді уағыздау сарыны байқалады. Әсет — асқақ әнші, дарынды халық композиоры. Арқаның Ақан Сері, Біржан Сал, Құлтума, Жарылғапберді, Үкілі Ыбырай т.б. Әнші — композиторларының тамаша дәстүрі Әсеттің орындаушылық өнеріне, композиторлық шығармаларына зор ықпал еткен. Қоянды жәрмеңкесіне барып, Рысжанмен айтысқан сапарында Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді әндерін естіген. Осы бір өнер сапарының нәтижесінде Әсет үлкен шығармашылық толғанысқа түсіп, «Шама», «Әсет», «Майда қоңыр», «Мақпал», «Қайшақбай» сияқты әндерін шығарған. Оның «Үлкен Ардақ», «Кіші Ардақ», «Еркем — ай», «Қаракөз» әндерінен де Арқа әндерінің кең тынысты шалқымалы әуені сезіледі. 1916 жылы патша жарлығына байланысты дүрлікке елмен бірге Әсетте Қытайға өтіп кетеді.

Ұлы Қазан төңкерісінің жеңісін, оның халыққа әкелген теңдігін, бақытын естігенде Әсет Отанын аңсайды, өз еліне келуді армандайды. Көп ұзамай Әсет әншілігімен жұрт көзіне түсе бастайды. Ол осы елде үйленіп, тұрып қалады да шешесін қолына алдырады. Әсет 1923 жылы Құлжа қаласында қайтыс болған. Әсет ойға жүйрік, көркем сөзге шебер, тілге бай ақын. Тегі әншілік өнеріне ден қойғанынан болу керек, өзінің ақындығына көп мән бермей келіп, ақыры өлер алдында «кейінгі ұрпаққа Абайша сөз қалдырмадым деп қатты өкінеді. Әсеттің тағы бір ерекшелігі күрделі сюжетті поэмалар жазуды да машықтаған. Қай шығармаларын алсақ та оның үлкен өнер иесі болғандығы көрініп тұр.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий