0 комментариев

Құлақ ауруы көп кездесетін аурулардың бірі. Бұл ауру негізі күн суытқанда асқынады. Өйткені есту мүшесінің сырқаттары суық тиюден пайда болады. Құлақ миға жақын орналасқандықтан оған немқұрайлы қарауға болмайды. Осы сәтте kyn.kz сайты үй жағдайында құлақты емдеуге арналған бірнеше кеңесін ұсынбақ.

Ал жеңіл желпі ауырған кезде мынандай халық тық емдерді қолдануға әрі суықтан болған аурулардың алдын алуға болады. Яғни қызылшаны қабығынан аршып тазалап суда қайнату керек. Оны ұсақтап турап балмен араластырып дәкеге орап құлақтың ішіне жылыдай салып бір жарым сағаттай ұстаңыз. Немесе пиязды майдалап турап дәкеге орап құлаққа салыңыз.(Терең емес , бергі жағына салыңыз)Құлағыңыздың ауырғаны басылады. Дәл осылай мұрын аурулары кезінде де пиязды пайдалаңсаңыз көмектеседі.  Және де құлақ суықтап қақсап ауырғанда жылытылған глицеринге немесе жалбыз тұнбасына малынған мақтаны құлаққа тығындап салып сыртынан қалың орамалмен байлап ұйықтаңыз.

Құлақ естуі төмендегенде күніне бір дана лимонды қабығымен қоса жеу керек. Бір аптаның ішінде нәтижесі байқалуы тиіс .

Құлақ шуы кезінде бір ас қасық жау жапырақты яғни орысша атауы мелисса бір стакан қайнаған суда тұндырып, күніне жарты стаканнан екі рет ішкен дұрыс болады. Сол кезде құлақ шуы басылып , жаныңыз  тынышталады. Менің кеңесім сіздерге көмектесер деп ойлаймын. Ең бастысы денсаулықтарыңыз мықты болып ауырмай жүріңіздер. Егер бұл кеңесетер көмектеспеген жағдайда міндетті түрде дәрігердің кеңесіне жүгінгеніңіз жөн.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий