0 комментариев

Қоңыржай белдеу қандай зоналардан тұрады, онда қандай өсімдіктер өседі және қандай жануарлар мекен ететіндігі  туралы қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Қоңыржай белдеу шөл, дала және орман зоналарынан тұрады. Олардың аралықтарын шөлейт пен орманды дала әтпелі зоналары бөледі.

Шөл Азияда, Солтүстік және Оңтүстік Америкада таралған. Әсіресе Азияның орталық бөлігінде көп жерді қамтиды. Шөлдің табиғат жағдайлары барынша қатал. Жазғы ыстық кейде + 50° С-қа жетеді, ал құмның беті +80° С-қа дейін қызады. Оның есесіне қысы едәуір суық. Аяз – 30° С-қа дейін барады.

Шөлдің тіршілікке ең қолайсыз жағы – ылғалының тапшылығы. Жылдық жауын-шашыны 200 мм-ден кем, ал кей жерлерде 100 мм-ге де жетпейді. Оның есесіне буланушылық (буланушылық деп нені айтады?) түсетін жауын-шашыннан ондаған есе артық. Кей жылдары жерге бір тамшы жаңбыр тамбайтын шөлдер де бар. Шөл өсімдігі мен жануарлары ылғалдың жетіспеушілігіне жақсы бейімделген.

Көптеген өсімдіктердің жапырағы тікенекке айналған (оның қандай мәні бар?), тамыры өте тереңге кетеді. Көктемгі ылғалды пайдаланып қалу үшін бірнеше аптада тез өсіп жетілетіндері де бар.
Шөлде жусан мен сораң өсімдік түрлері, әр түрлі бұталар өседі. Ағаш өсімдігінен құмды шөлде ак сексеуіл өседі.

Сексеуіл – діңі кисық, бұратылған, биіктігі 3-4 метрден аспайтын ағаш. Оның жалбыраған ұсақ бұтақшалары көлеңке түсіріп жарытпайды. Ұзындығы 20-25 м-ге жететін қуатты тамырлары ылғалды өте тереңнен тартады. Сүрегі тығыз, ауыр, суға салса батып кетеді.

Шөл жануарлары қатты ыстық пен судың жетімсіздігіне икемделген. Көпшілігі күндізгі ыстықта інге немесе құмның арасына кіріп жатады да, жем іздеуге түнде шығады. Кейбіреулері жазғы ыстықта ұйқыға кетеді. Ұзақ уақыт су ішпестен өсімдік нәрімен күнелтетіндері де бар.

Шөлде ұсақ кемірушілер, жыландар, кесірткелер көп. Тұяқты жануарлардан ақбөкен мен қарақұйрық мекендейді. Бұрын құланда. көп болған.
Шөл зонасында халық өте сирек қоныстанған. Олар мал бағумен, өзен бойларында егіншілікпен айналысады.

Дала зонасы солтүстік жарты шарда, Еуразия мен Солтүстік Америкада кең алқапты алып созылып жатады. Оңтүстік жарты шардағы көлемі шағын.
Дала деп шөп өсімдігі өсетін, ормансыз, жазық алқапты айтады. Шөл зонасы сияқты дала зонасының да климаты өте континенттік болады. Жазы ыстық, құрғақ, қысы суық. Аяз -50° С-қа дейін барады. Жауын-шашын шөлге қарағанда екі еседен көбірек жауады. Бірақ мұнда да буланушылық түсетін жауын-шашыннан анағұрлым артық. Ылғал жетіспейтіндіктен құрғақшылыққа бейімделген шөп өсімдігі өседі. Соның ішінде селеу басты орын алады. Жазда өсімдік пісіп жетілген кезде жел шайқаған селеулі дала толқыған көл айдынын елестетеді. Бұндай шөп өскен жерде құнарлы қара топырақ қалыптасқан (неліктен?).

Ғасырлар бойы жер жыртып, егін егудің нәтижесінде даланың табиғаты қатты өзгерді. Қазіргі кезде дала табиғи күйінде тек қорықтарда ғана сақталған. Қазақстанның солтүстігіндегі далалар XX ғ-дың 50-60-жылдарындағы тың игеру кезінде түгелдей дерлік жыртылып тасталды. Тиісті агротехникалық шараларды қолданбаудың салдарынан бірқатар аудандарда топырақ құнары сана-латын қарашірікті жел ұшырып алып кеткен.

Табиғи күйіндегі далаларды ін қазатын кемірушілер көптеп мекендейді.
Жыртқыштардан қасқыр, түлкі, борсық кездеседі. Қазақстан далаларында таяуда ғана ақбөкен үйір-үйірімен жүретін. Тың игергеннен кейін олар азайып, оңтүстікке, шөлейт пен шөлге ығысты. Ал тарпаң деп аталатын жабайы жылқы XIX ғ-дың өзінде мүлде жойылып кеткен. Солтүстік Америка далаларында еуропалықтар жаппай қоныстанар алдында 50 миллион бизон мекендеген. XIX ғ. басында бірде-бір жабайы бизон қалған жоқ. Адамның колдан өсіруінің арқасында ғана олар мүлде құрып кетпей сақталып қалған. Қазір бизонның саны 50 мыңға жетеді.

Дала зонасының халқы ерте заманнан бері егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналысқан. Мұнда жыл сайын мол астық өндіріледі.
Орман зонасы дала зонасы мен тундра зоналарының арасында жатады. Ол тундраға – орманды тундра, далаға орманды дала етпелі зонасы арқылы бірте-бірте ауысады.

Орман зонасы негізінен солтүстік жарты шарда, Еуразия мен Солтүстік Америкада таралған. Бұл зонаның топырағы тым ылғалды жағдайда калыптасады. Топырақтың жоғарғы қабаты үнемі ылғалмен шайылып отырады да, түсі күлгінденеді. Сондықтан мұнда күлгін топырақ түрлері басым болады. Тек жалпақ жапырақты ормандарда ғана жер беті құрғап, топырақ қоңырқай тартады. Орман зонасы жал-пақ жапырақты, қылқан жапырақты және аралас орман деп аталатын кіші зоналарға бөлінеді.

Жалпак жапырақты орман қоңыржай белдеудің климаты біршама жылы және ылғалды өңірін алып жатыр. Қысы салқын болғанымен, жазғы жылу мен ылғал жалпақ жапырақты ағаштардың
өсуіне жетіп жатыр. Орман құрамында ағаштың ондаған түрі кездеседі, мұнда бұта мен шөп те қалың өседі. Жалпақ жапырақты ағаштардың көпшілігі шамшат, емен жене жөке ағашы болып келеді.
Қылқан жапырақты орман немесе тайга алып жатқан коңыржай белдеудің климаты айтарлықтай ылғалды, сонымен катар ол біршама суық өңірді қамтиды. Қысы аязды, жазы коңыржай жылы. Жылдык жауын-шашын мөлшері булану-шылықтан артык. Орман құрамы кедей болып келеді де, әдетте екі-үш ағаш түрінен тұрады. Топырак бетін мүк басып жатады. Негізінен балқарағай, шырша, майқарағай және қарағай таралған.

Жалпақ жапыракты орман мен тайганың арасында аралас орман өңірі жатады. Бұл жердің климат жағдайлары суықка бейім қылқан жапырақты ағаштар мен жылу сүйгіш жалпақ жапыракты ағаш тұқымдарының қатар өсуіне мүмкіндік береді.
Орман зонасы жануарлар түріне өте бай

Мұнда терісі бағалы аңдардан тиін, тулкі, булгын; жыртқыштардан қоңыр аю, сілеусін, цасцыр; тұяктылардан булан, елік.  Құстардан саңырау құр, құр, тоқылдақ, т. б. мекендейді. Тарихи кезеңде орман жануарларының көптеген түрлері мүлде жойылып кетті немесе азайды.
Орман зонасы адамның шаруашылық әрекетінен көп өзгеріске ұшырады. Егін салу үшін ағашты отаудың және өрттің сал-дарынан ормандардың көлемі қысқарған және кұрамы өзгерген. Қарағай мен шырша ормандарының орнын кайың мен көктерек ормандары баскан.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий