0 комментариев

Жапырық тіршілігінің ұзақтығы қандай болады сұрағының жауабын kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Жапырақ тіршілігінің ұзақтығы барлық өсімдіктерде бірдей емес. Оның мерзімі 2—3 аптадан 20 жылға дейін және одан да ұзақ уақытқа созылады. Көп жылдық өсімдіктерде жапырақтар тіршілігі оның өстік мүшелері — сабағы мен тамырына қарағанда ұзаққа бармайды. Бұл ерекшелік қалыптасқан жапырақ ұлпаларының қайтадан жаңармауына және салыстырмалы қысқа уақыт ішінде фотосинтез жүруін белсенді атқаратьм мүше қызметіне байланысты.

Жапырақтар тіршілігінің ұзақтығына, жапырақтың бүршікті жарғанынан бастап үзіліп түскенге дейінгі мерзім (яғни жапырақтың бүршік сыртындағы даму кезеңі) ғана есепке алынды. Дегенмен, көптеген өсімдіктерде жапырақ төмпешіктерінің пайда болуынан бастап жапырақ алақанының жазылуына дейінгі уақыт, бүршік ішіндегі даму кезеңінің ұзақтығы бүршік сыртындағы дамудан ұзағырақ болатыны байқалады. Мысалы, емен, жөке, қайың, бересклет және т.б. жапырағын түсіретін ағаштар мен бұталарда жапырақ бастама-сының негізі қаланып, оның бүршік ішінде дами бастауы мамыр, тамыз айлары ішінде жүреді.

Ал келесі жылдың сәуір, мамыр айларында бүршік ашылып, жапырақ алақаны жазылады, яғни бұларда жапырақтың бүршік ішінде даму кезеңі 9-12 айға созылады да, жапырақ алақанының жазылуынан түсуіне дейінгі уақыт 4—5 ай ғана өтеді. Арктикалық талдардың бүршік ішіндегі даму фазасы 2,5 жылға дейін, ал бүршік сыртындағы дамуы 2—3 айға ғана созылады. Жалпақ жапырақты орманның ерте көктемдегі шөптесін өсімдіктері — эфемероидтарының (желайдар, фикария, айдаршөп және т.б.) бүршік ішінде дамуы 10 айға созылса, бүршік сыртындағы жетілуі бір ай, бір жарым ай ғана.

Өсімдіктердің көбінде жапырақтардын, бүршік сыртындағы даму кезеңі бір жарым жылдан аспайды. Бұл қоңыржай белдеудің ғана емес, тропик ағаштарының да көбіне тән. Субтропиканың Жерорта теңіздік аймағының, сол сияқты тайга, тундра аймақтары мен биік тау белдеулеріндегі өсімдіктердін бірсыпырасының жапырақтары екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімде өмір сүреді. Ашық тұқымдыларға жататын қылқан жапырақтылар жапырағының тіршілік мерзімі ұзаққа созыла­ды. Мысалы, Африка шөлдерінде өсетін вельвичияның екі жапырағы жүз жылға дейін сақталатыны таңқаларлық. Бұл жапырақтар негізіндегі қыстырма меристемасы арқылы өседі де ұш жағынан өле бастайды.

Өсімдіктердің бір түрінің немесе туыстығы жағынан жақын түрлерінің тауға көтерілген сайын және солтүстікке қарай жылжыған сайын жапырақтары тірішілігінің ұзактығы арта түсетіні байқалады. Мысалы, Мәскеу түбінде шыршаның қылқан жапырақтары 5—7 жыл, Оралдың поляр аймағында 12—16 жыл, кейбір жағдайларда 18—22 жыл. Іле сырты Алатауында өсетін Тянь-Шань шыршасынан 26—28 жылдық жапырақтар табылған.

Жапырақ тіршілігінің ұзақтығына қарай өсімдіктер мәңгі жасыл жапырақтылар және жапырақты түсіретін өсімдіктер деп бөлінеді. Мәңгі жасыл жапырақтылардың ерекшелігі — оларда жыл бойында жасыл жапырақтар болады. Бұлардың да жапырағы түспей тұрмайды.тіршілікте мәңгілік жоқ. Мұнда әуелі кене жапырақтары түсіп, кейінірек өскен жапырақтар сақталын қалады. Қоныржай белдеудің жапырағын түсіретін өсімдіктері — жазда көктеп өсетіндер. Жазғы шұғыл құрғақшылық кезең айқын байқалатын аймақтарда жапырағын түсіретін өсімдіктер қыста немесе көктемде көктейді. Мәңгі жасыл жапырақты ағаштар, бұталар мен бұташықтар ылғалды тропикалық және субтропикалық ормандарға, сол сияқты қоңыржай белдеудің қылқан жапырақты ормандарына тән.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий