0 комментариев

Жапырақтың жүйкеленуі дегеніміз не және ол өз ішінен нешеге бөлінеді деген сұрақтың жауабын kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Жүйкелену – жапырақ тақтасында өткізгіш шоқтардың орналасу реті. Жүйке жапырақ тақтасының астыңғы бетінен анық көрінеді және ол өзі өткізгіш шоқтардан тұратындықтан, жапыраққа суда еріген минералдық заттарды жеткізіп, жапырақтан органикалық заттарды төмен қарай өсімдіктің мүшелеріне, сабағына, тамырына таратады. Жапырақ тақтасына мықтылық қасиет беріп, жыртылудан сақтайды.

Жапырақ тақтасының ортасы арқылы өтетін білеуленген қуатты негізгі жүйке оның сағағынан сабаққа өтеді. Негізгі жүйкеден шетке қарай қашықтаған сайын жүйкелер тармағы жіңішкере береді. Жапырақ тақтасының жүйкеленуі әр түрлі болады. Олар қарапайым, дихотомиялы, торлы, доға тәрізді және параллель жүйкелену .

Қарапайым жүйкеленуде жапырақтың негізінен ұшына дейін созылған бір ғана жүйке өтеді. Жай жүйкелену жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер: мүктерге, плаундарға және ашық тұқымдылардың (қылқан жапырақтылар) көбіне, сол сияқты жабық тұқымдылардың кейбір өкілдеріне тән.

Дихотомиялы жүйкеленуде – жапырақ тақтасында аша тәрізді (дихотомды) бұтақтанған жүйкелер орналасады.

Торлы жүйкелену өз ретінде саусақ салалы торлы және қауырсын торлы болып екіге бөлінеді. Саусақ салалы торлы жүйкеленуде сағақтан жапырақ тақтасына майда жүйкелер торы таралады. Саусақ салалы жүйкелену саусақ салалы тілімделген жапырақ тақталарына тән. Қауырсын торлы жүйкеленуде сағақтан жапырақ тақтасына бірінші реттегі бір жүйке өтеді де, ол бүйірлік жүйкелердің бұтақтарынан тұратын жиі тор түзеді. Қауырсын жүйкелену жабық тұқымдылардың қос жарнақтылар өкілдерінде мол кездеседі де, дара жарнақтылардан тек қана банан (Musa) мен қарғакөз (Paris quadrifolia) жапырағына тән .

Доға тәрізді жүйкеленуде жапырақ негізінен жапырақ тақтасына доға тәрізді иілген, бұтақтанбаған бірнеше жүйкелері бағытталып, жапырақ ұшында олар қайтадан бір-бірімен қосылады. Мысалы, меруертгүл, жолжелкен және т.б. өсімдік жапырақтары осындай.

Жапырақтың негізінен немесе қынабынан басталған бірнеше бұтақтанбаған бірдей жүйкелер бір-біріне параллель күйінде тақтаның ұш жағында түйседі, мұны параллель жүйкелену дейді. Бұлайша жүйкелену әсіресе дара жарнақтардың өкілдеріне тән.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий