0 комментариев

Субтропиктік климат туралы ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Субтропиктік климаттық белдеу – бұл өтпелі белдеу, біздің ғаламшарымыздың Оңтүстік және Солтүстік жартышарында 30 және 40 градус ендіктерінің арасындағы аймақта орналасқан, бұл аумақта 2 ауа массасы бірін-бірі алмастырады.

​Мұнда жазда тропиктік ауа массасы басым болады, ал қыста жауын-шашын әкелетін қоңыржай ендіктің ауа массасы енеді. Ауа массасының мұндай айналымы бұл ауданда келесі күн райы болатындығын айқындайды: ыстық, құрғақ жаз (30°С-тан 50°С-қа дейін) және жауын-шашынды суық қыс, тұрақты қар жамылғысы түзілмейді. Жылдық жауын-шашын көлемі – шамамен 500 мм. Субтропиктік ендіктерде материктердің ішкі жағында жауын-шашын қыста да аз түседі. Мұнда жазы ыстық (+50°С-қа дейін) және -20°С-қа дейін аяз болуы мүмкін тұрақсыз қысы бар құрғақ субтропик климаты басым. Бұл аймақтарға 120 мм және одан да аз жауын-шашын түседі. Материктердің батыс бөлігіне жерортатеңіздік климат тән, ол ыстық, ала бұлтты жауын-шашынсыз жазымен және салқын, желді және жаңбырлы қысымен сипатталады. Жерортатеңіздік климатта құрғақ субтропикке қарағанда жауын-шашын көбірек жауады. Жылдық жауын-шашын мөлшері бұл жерде 450–600 мм-ді құрайды.

Жерортатеңіздік климат адам өміріне ерекше қолайлы, сондықтан дәл осы жерде ең танымал жаздық курорттар орналасқан. Мұнда бағалы субтропиктік дақылдар: цитрустар, жүзім, зәйтүн өсіріледі. Материктердің шығыс жағалауының субтропиктік климаты муссонды. Бұл жердің қысы басқа субтропиктік белдеу шипажайларымен салыстырғанда суық әрі құрғақ, ал жазы ыстық (+25°С) әрі ылғалды (800 мм) болады. Бұл қыста құрлықтан теңізге қарай, ал жазда теңіздер құрлыққа қарай соғатын және жазда жауын-шашын әкелетін муссондардың әсері түрінде түсіндіріледі. Муссонды субтропиктік климат тек Солтүстік жарты шарда, әсіресе Азияның шығыс жағалауында айқын байқалады. Жазғы уақытта түсетін мол жауын-шашын өсімдіктердің қаулап өсуіне мүмкіндік туғызады. Бұл жердің құнарлы топырағында миллиардтан астам адамның тіршілігін қамтамасыз етіп отырған егіншілік дамыған.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий