0 комментариев

Баланың миы, денесі, ішкі құрылыс мүшелері, тезірек дамуы үшін анасы не істеу керек екендігін kyn.kz сайтынан оқи аласыздар.

Спортпен шұғылдану. Жүкті әйелдерге арналған аквааэробика, гимнастика немесе бассейннің бірін таңдап, жүйелі түрде спортпен айналысыңыз. Спорт ана үшін де, құрсақтағы бала үшін де ерекше маңызды. Босанғаннан соң формаңызды бұрынғы қалпына тезірек келтіру үшін де спорттың көмектесетінін ұмытпаңыз.

Жүкті әйелдерге ұйқы режимін міндетті түрде сақтау керек. Түнгі ұйқы уақыты сегіз сағатқа созылып, күндізгі уақытта да ұйықтап алған жөн. Жатар алдында бөлмені желдетіп қойыңыз. Жүкті әйелдердің бір уақытта тұрып, бір уақытта ұйықтағаны маңызды.

Театр, музей, көрмелерге барыңыз. Жүкті әйелдер негативті нәрселерді емес, әдемілік пен әсемдікті тамашалауы тиіс. Мұндай ерекше кештердің балаңыз үшін де пайдасы зор.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий