0 комментариев

Бел омыртқаларының саны нешеу және оның ерекшеліктері қандай болатындығын kyn.kz сайтынан оқи аласыз. Бел омыртқалардың жалпы саны бесеу және оның ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ.

  1. Омыртқа бағанасын құраушы омыртқалардың ішіндегі ең ірі омыртқалардың қатарына жатады. Денесінің белі қамшылау, жиектері шығыңқылау жоғарғы және төменгі бетінің сыртқы пішіні “лобия” бұршағына немесе  “бүйрекке” ұқсас болып келген.
  2.  Арқа өсіндісі қысқалау және жалпақтау болып, сагиталжазықтықтың бойында орналасқан.
  3.  Қабырғалық өсінді негізінің артқы бетінде әлсіз айқындалған қосымша өсінді орналасқан, яғни көлденең өсіндінің қалдығы болып саналады.
  4.  Қабырғалық өсінді құрсақтық дәм сезу кезінде пайда болған, қабырғалық сүйектік нүктеден дамыған. Бұл өсіндіден кеуде омыртқаларында, 12 жұп қабырғалар дамыса, бел омыртқалардың тұсында, сүйектік қабырғалар нүктеден бел омыртқалардың қабырғалық өсінділерін құрайды.
  5.  Буын өсінділері сагиталды жазықтықтың бойында орналасқан. Жоғарғы буын өсіндінің буын беттері ішке қарай иіліп орналасса, төменгі буын өсіндісінің буын беттері сыртқа қарай бағытталған. Сонымен қатар, жоғарғы буын өсінділерінің ұшында, еміздік тәрізді қосымша өсінділер айқын байқалады.   Бұл өсінділер бұлшық еттердің бекуі нәтижесінде пайда болған.
Изменен статус публикации
Добавить комментарий