0 комментариев

Артерия дегеніміз не ? Артерия қабырғасы неше қабықтан тұрады деген сұрақтардың жауабын kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Артериялар. Жүректен ағзаларға қарай шығып, оларға қан әкелетін тамырлар артериялар (aer – ауа, tereo – бар; өлік денесіндегі артериялар бос болады, сондықтан ерте кезде оларды ауалы түтікшелер деп есептеген) деп аталады.

Артериялардың қабырғасы үш қабықтан тұрады. Ішкі қабық – tunica intima – тамырлардың қуысы жағынан эндотелимен астарланған, оның астында субэндотелий мен ішкі серпімді мембрана орналасады; ортаңғы қабық – tunica media – бірыңғай салалы бұлшық тінінен, серпімді талшықтармен ауысып, араласып отыратын миоциттерден құралған; сыртқы қабық – tunica externa – дәнекер тінді талшықтардан тұрады. Артериялық қабырға серпімді қаңқа түзеді.

Жүрек соғысының инерциясын әлсіретіп, қанның әрі қарай жылжуы өз қабырғасының жиырылуы қажет болатын орташа және ұсақ артерияларда жиырылу қызметі басым болады. Ол қызмет тамыр қабырғасында бұлшықет тінінің біршама көбірек дамуы арқылы қамтамасыз етіледі. Мұндай артериялар тұтас ағзаларды немесе олардың бөліктерін қанмен жабдықтайды.

Артериялардың соңғы тармақтары жіңішке және ұсақ, сондықтан оларды артериолалар деп атайды.

Артериоланың артериядан айырмашылығы оның қабырғасында бір қабат ғана бұлшықет жасушалары болады, соның арқасында ол реттеуші қызметін атқарады. Артериола тікелей прекапиллярға жалғасады, онда бұлшықет жасушалары бөлек – бөлек болады, тұтас қабат құрмайды. Прекапиллярдан артериоладан тағы бір айырмашылығы – онымен венула тамыры қатарласа жүрмейді.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий