0 комментариев

Қай патшаның әмірімен салынған бақ?  Семирамида аспалы бағы қай ғасырда салынған және құрылысы қалай жүргізілгенін kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Семирамида аспалы бағы — Вавилонның патша сарайындағы алып құрылыс, Әлемнің жеті кереметінің бірі. Бұл сәулет туындысы ежелгі дәуірде билік жүргізген патша Навуходоносор ІІ-нің бұйрығымен өзі тұратын сәулетті сарайдың кең ауласында тұрғызылған. Тарихи деректерге қарағанда, Навуходоносор б.з.б 605-562 жылдар аралығында патшалық етіп, Вавилон империясын құрып, кейін Вавилон қаласының атағын шығарған. Табаны төртбұрышты, төрт қабатты алып құрылыс тепкішектері жоғары көтерілген сайын қусырылып биіктей береді. Семирамида аспалы бағының әрбір террасалы тепкішектері үстіне қалың құнарлы топырақ төгіледі, әрі соның бетіне Вавилонияның, Мидияның және басқа елдерден арнайы алдырған алуан түрлі жеміс ағаштары мен көк желекті бұталар отырғызылады. Шөлді, ауа-райы ыстық Вавилония елінде көкке шаншыла, жапырақтары жайқалып өскен ағаштардың саясынан ескен салқын самалды аспалы бақ жергілікті тұрғындарды таң-тамаша қалдырады. Сол дәуірдің куәгерлері қалдырған деректерге қарағанда, осындай таңғажайып тамаша аспалы бақ дүние жүзінің ешбір елінде болмағанға ұқсайды. Сонысымен ол “әлемнің жеті кереметінің” біріне айналса керек. Бұны Бағдадтың оңт. жағынан 88 км қашықтықтағы Вавилон қаласының орнына жүргізілген археологиялық қазбалар кезінде бақ террасаларын суаруға арналған алып конструкциялы құрылыстардың табылуы да дәлелдей түседі.

Навуходоносор II атты Вавилон патшасы(б.з.б 605—562 )ең басты жауы- Вавилон мемлекетінің астанасын екі рет талқандатқан Ассирияға қарсы тартыс үшін Мидия ханы, Киаксармен әскери одақ құрады. Жеңіске жеткен олар Ассирия жерін өз арасында бөліп алады. Олардың әскери одағы Навуходоносор II – нің Мидия ханының қызы Амитиске үйленуімен расталды. Таулы және жасыл Мидияда өскен патшайымды жалаң құмды жазықта орналасқан шаңды да, дулы Вавилон қуантпады. Оны жұбату үшін, Навуходоносор аспалы бақ тұрғызуды бұйырады. Бірақ тарихи ғылымда жаңылысып, бақ атауын одан екі ғасыр бұрын өмір сүрген ассириялық Семирамида патшайымның атауымен атап кеткен.

Деректерге қарағанда, Навуходоносор Аспалы бақты Амитис үшін, Вавилонның шаңдағында өз елін аңсап жүрген кезінде салғызған. Қалың өскен өсімдіктер әлемі оның есіне Мидияның (қазіргі Иран) көк шалғын төбелерін есіне түсіретін. Бұл жасанды жолмен жасалған жұмақта жұбайлар қыдыратын, демалатын және сарай қызметшілерімен бірге тамақтанатын болған.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий