0 комментариев

Алтын Орданың даңқы асқақтаған кезеңі Тоқтамыс ханның еңбегімен тікелей байланысты. Тоқтамыс шамамен 1350 жылы туып, 1406 жылдардың төңірегінде дүние салған. Тоқтамыс Хан туралы басқа да ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Әуелі төбедегі тақырыпқа оралмас бұрын Тоқтамыс ханның өмір дерегіне сәл үңіле кетейік. Алтын Орданың даңқы асқақтаған кезеңі Тоқтамыс ханның еңбегімен тікелей байланысты. Тоқтамыс шамамен 1350 жылы туып, 1406 жылдардың төңірегінде дүние салған. Шыққан тегі төре тұқымынан. Бала кезі Маңғышылақ топырағында өткен. Тоқтамыс әкесі Тұй Қожа өлімінен кейін енді ғана даңқы шыға бастаған Әмір Темірді келіп паналайды. Қанаты қатайып, бұғанасы бекігенше Әмір Темірдің қармағында болады.

Осы кезеңде көп кескілескен шайқастың кесірінен Ақ Орда ұлысы әлсірей бастаған еді. Бұл жайды жіті бағамдаған Әмір Темір Тоқтамысқа қол беріп, Ақ Ордаға шабуыл жасауды бұйырады. Осы жорықта Тоқтамыс жеңіске жетіп, Сығанақ шәрінде Ақ Орданың ханы болып сайланады. Осылайша Ақ Орданы тұрақтандырған Тоқтамыс енді Алтын Орданы біріктіру мәселесін қолға ала бастайды. Сөйтіп 1380 жылы Алтын Ордаға тұтқиылдан басып кіреді. Сол кездегі Алтын Орда ханы Мамай мен Тоқтамыс арасында ұзақ текетірес орын алады. Осы шайқаста Тоқтамыс үстем түсіп, Алтын Орданың ханына болады. Күн санап алапаты артқан Тоқтамыс енді орыс жеріне көз аларта бастайды. Мұның бір себебі Куликово шайқасынан кейін күшейген орыс билігі Тоқтамысты еш мойындағысы келмеген еді.

Сөйтіп 1382 жылы орыс жеріне жорыққа аттанған ол орыс шаһарларын шетінен қиратып, ең соңында Мәскеуді басып алды. Осыдан кейін орыс княздіктері Тоқтамыс ханның билігін мойындауға мәжбүр болады. Алтын Ордаға өздерінің бодан екендіктерін білдіреді. Тоқтамыстың күн санап артқан алапаты Әмір Темірмен қақтығысуына себеп болды. Тоқтамыстың Әмір Темірмен соғысы түптеп келгенде Алтын Орда мемлекетінің күйреуіне алып келді. Есіл ер 1406 жылы ұрыс алаңында қаза тапты.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий