0 комментариев

Беттегі пигменттік дақтардан үй жағдайында қалай құтылуға болатындығын kyn.kz сайты бірнеше нұсқасын ұсынады.

Пигменттік дақтары бар теріні жуу үшін өсімдік қайнатпасын пайдаланыңыз. Ағартушы қасиетке лимон, грейпфрут, ақжелкен, бақбақ ие. Ол үшін өнімді турап, үстіне ыстық су құйыңыз. Үш ас қасыққа бір стақан су құю керек. Кейін бір сағатқа қалдырып, сүзіп алып, таңертең және кешке бет жуады. Түнгі мезгілде арнайы лосьонмен бетке күтім жасаңыз. Екі ас қасық майлы сүтке екі ас қасық шарап спиртін араластыру қажет. Осы қоспаны пигменттік дақтары бар теріге түнге қарай жағыңыз.

Картоп пен лимон шырыны маскасы.
Бір дана, орташа, таза картопты майда үккіштен өткізіңіз. Матаға орап, суын сығыңыз. Бір ас қасық лимон шырынын қосып, араластырыңыз. 15 минуттан соң жылы сумен, жәй жуып тастаңыз.

Картоп пен сәбізден маска
Орташа картоп және кішкентай сәбізді алып, майда көзді үккіштен өткізіңіз. Картоптың шырынын сығып алыңыз. Картопты сәбізбен араластырып, бетіңізге жағыңыз. Бөлек ыдыстағы картоп шырынына дәкені малып, бетіңізге масканың үстіне жабыңыз. 25 минут ұстап, содан соң салқын сумен жәй жуыңыз.

Ескерту: маскаларды жаққаннан бетіңізде жайсыздық сезілсе, аллергия сияқты ашыса, қышыса, қызарса тез жуып тастаңыз. Маска бетіңізде кепкенде, бетіңізді қимылдатпауға тырысыңыз. Өйткені қатып тұрған тері сынып, әжім түсіруі мүмкін.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий