0 комментариев

Беттегі қара дақтар ол әйел адамның ғана емес еркектерге де кішігірім мәселе туғызады. Ең алдымен дәрігерге көріну арқылы ғана оның күресу керек. Үй жағдайында бұл қара дақтармен қалай күресуге болатын бірнеше жолын kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Үй жағдайында қара дақтарды кетіру үшін көпшілік бетті буландыру тәсілін қолданып жатады. Ол үшін түймедақ гүлінен дайындалған ыстық тұнбаға бетті 10-12 минут тосу керек. Онан соң, босаңсыған теріден қара дақтарды қысып шығарып тастайды. Ол үшін қолыңыздың таза болуын ескеріңіз. Өйткені буланған бет инфекцияны тез қабылдайды. Дақтарды шығарып болған соң, бетті лосьонмен сүртіп, ылғалдандыратын маска жағыңыз.

Алоэ-вера шырыны теріге өте күшті тазартатын, емдейтін, қабынуға және бактерияға қарсы әсер ететін компоненттерді қамтиды. Оны пайдаланып, безеулерден құтылып қана қоймай, оларды жойғаннан кейін қалған тыртықтар мен дақтарды кетіруге болады.
Бұл құралды пайдаланудың жолы қарапайым. Алоэ жапырақтарын (лажы болса өсімдіктің астыңғы жағындағыларын) алып, он күн шамасында тоңазытқышта ұстаңыз. Бұл олардың тиімділігін арттырады. Содан кейін жапырақтардан шырынын сығып алып, бет терісін сүрту керек. Тек әл кесілген жапырақты да пайдалануға болады. Бұл процедура таңертеңгі жуынудан кейін және түнде ұйықтауға дейін жүргізіледі.

 

Аспириндік маска қабынуға қарсы және дезинфекциялық әсерге ие. Аспиринді қабыршақтану тері тесіктерін жақсы тазартады. Оны дайындау үшін аспириннің бес таблеткасы жеткілікті. Олар ұнтақталып, су қосып, крем секілді күйге айналады.
Алынған қоспалар бет терісіне таралады және құрғақ қалдырады. Содан кейін бетіңізді суға батырылған мақта тампонымен тазалаңыз. Теріңізді жуып, ылғалды қасиет беретін крем жағыңыз. Аптасына бірнеше рет жүйелі түрде қолданылады.

 

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий