0 комментариев

Бет терісіне үй жағдайында күтім жасау жолдарының  бірнеше жолдарын kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Бетіңіз әр дайым таза, балғын әр дайым ылғалды болуы үшін  астындағы әр түрлі табиғи ингридиенттер мен  көкеністерден жасалған масканы қолдансаңыз болады.

Бұл масканы жасау үшін: 2 шай қасық жұмыртқа сарысы, 0.5-1 шай қасық лимон жəне асқабақ шырыны жəне 1-2 шай қасық айран керек. Барлығын жақсылап араластырып бетіңізде 15-20 минут ұстап шайып тастаңыз.

Бір бананды алып жақсылап еземізде майлы йогуртпен араластырамыз. Бетіңізге жағып 20 минут ұстаңыз. Артынан жылы сумен жуыңыз.
2 ас қасық қолдың сүзбесін (езіп) 2 ас қасық сұйық маймен араластырып 15-20 мин ұстаймыз. Артынан жылы сумен жуыңыз.

Стақанға қайын жапырағын салып үстіне 1 стақан суық су құйып сегіз сағатқа қойып қоямыз. Компресс ретінде көз айналасындағы теріге пайдаланасыз.

Мақтаны жақсылап зəйтүн майына (оливковое масло) малып көз айналасына 10-15 минутқа қойып қоямыз. Осыдан кейін жылы шаймен жуып тастаймыз. Тоңазытқыштағы формада тұрған мұзбен абайлап сүртіңіз. Жəне нəрлендіретін крем жағыңыз.

Қиярдың жартысын сынып, шырынын алып жұмыртқаның ағымен, бір ас қасық арақпен бірнеше тамшы қара маймен ( бензойная смола ) əбден көбік болғанша араластырасыз. Пайда болған сұйықтықпен бетіңізді сүртесіз.

Мақтаның кішкентай бөлігін сүтке малып алып бетіңізді сүртсеңіз бетіңіз тазаланып ағарып, нəрленеді.
Кивидің қабығын ашып жартысын езіп үстіне 2 шай қасық күрпі (манная каша) салып араластырып дымқыл бетке жағасыз 10 минут кейін бетті жылы сумен жуып крем жағып тастасаңыз бетіңізді тазартады. Бұл масканы аптасына бір рет жасаған жөн.

Жұмыртқамен лимонды араластырып бетіңізге жағасыз жəне бетіңіз тырысып бəрі сіңген соң жақсылап сумен жуып тастайсыз. Бұл маска бетке əжім түсірмеуге көмектеседі.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий