0 комментариев

Әйел затының өмірдегі ең бастысы миссиясы дүниеге бала әкелу. Бала бұл өмірдің мәні. Бірақ ана атану үшін де психикалық және физикалық тұрғыдан барынша дайындалған жөн. Ғаламторда да осыған байланысты кеңестер өте көп. Егер сіз алғаш рет ана атанайын деп отырсаңыз, өте мұқият болғаныңыз дұрыс. Алғаш рет ана атанар алдында, сізді өте көп сұрақ мазалайтыны анық. Соның бірі ең маңыздысы: Оңай босану үшін жүкті әйелдер не істеу керек? Осы сұрақтың жауабы ретінде kyn.kz  сайты бірнеше нұсқасын ұсынады.

Ең алғашқы кеңестердің бірі бұл әрине, босануға дейін көп қозғалыста болу. Кешкісін серуендеу,  жеңіл жаттығуларды жасау, бірақ өзіңізді қатты шаршатып алмауыңызда керек. Үй шаруасымен де белсенде түрде айналысып, ширақ болғаныңыз дұрыс.

Ең маңыздысы толғақ кезінде мұрын арқылы дем алып, демді ауыз арқылы шығарып, терең тыныстау керек. Дем алу бір қалыпты, толғақ күшіне байланысты болғаны жөн. Дұрыс дем алу ағзаға оттегінің дұрыс жетуін реттейді.

Ақырындап ары-бері жүруге немесе төрт аяқтап, тізерлеп тұруға болады. Ішке ақырын массаж, түрлі арнайы жаттығулар да жасауға болады. Бүгінде перзентханаларда босанатын әйелдерге барлық жағдай қарастырылған, ыңғайлы төсек те, жаттығу-массаждарға арналған доптар мен басқа да жабдықтар бар.Осы заттарды қолдану арқылы және дәрігерлердің кеңесін бұлжытпай орындап жеңіл босануға болады.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий