0 комментариев

Қан айналым түрлері қанша және олардың функциялары қандай деген сұрақтың жауабын kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Кіші (өкпелік) қанайналым шеңбері қанды өкпедегі оттегімен байыту үшін керек. Ол оң жақ қарыншадан басталады, бұл қарыншаға оң жақ жүрекшеге келген барлық вена қаны оң жақ жүрекше қарынша тесігі арқылы өтеді. Оң жақ қарыншадан өкпе бағаны шығады, ол өкпеге жақындай келе оң жақ және сол жақ өкпе артерияларына бөлінеді. Бұлар өкпеге келіп, артерия, артериола, прекапилляр және капилляр тамырлары болып тармақталады. өкпе көпіршіктерін шырмап жатқан капилляр торларында қан көмірқышқыл газын беріп, оның орнына оттегінің жаңа қорын алады (өкпелік тыныс алу). Тотыққан қан қайтадан алқызыл түске боялып, артерия қанына айналып, капиллярлардан венулалар мен веналарға келеді, олар төрт өкпе веналарына (әр жағынан) екеуден қосылып, сол жақ жүрекшеге құяды.

Кіші (өкпелік) қанайналым шеңбері сол жақ жүрекшеде аяқталады, ал ол жүрекшеге келген артерия қаны сол жақ атриовентрикулялық тесік арқылы үлкен қанайналым шеңбері басталатын жерге, яғни сол жақ қарыншаға келеді.

Үлкен (денелік) қанайналым шеңбері дененің барлық ағзалары мен тіндеріне қоректік заттар мен оттегін жеткізіп, олардан зат алмасу өнімдері мен көмірқышқыл газын әкету қызметін атқарады. Ол артериялық қанды таситын қолқа тамыры шығатын жүректің сол жақ қарыншасынан басталады. Артерия қанында организм тіршілігі үшін қажетті қоректік заттар мен оттегін бар және түсі алқызыл келеді. Қолқа артерияларға тармақталады, ал артериялар дененің барлық ағзалары мен тіндеріне тарап, олардың шығатын жүректің сол жақ қарыншасынан басталады, көмірқышқыл газын әкету қызметін атқарады. Ол артериялық қанды таситын қос қабатында артериолаларға одан әрі капиллярларға айналады.

Капиллярларда ағатын артериялық қан қоректік заттар мен оттегін беріп, олардың орнына алмасу өнімдері мен көмірқышқыл газын алады (тіндік алмасу). Осының салдарынан веналық арнағы келетін қанда оттегі аз да, көмірқышқыл газы көп, сондықтан қошқыл түсті, бұл вена қаны; қан кеткенде қанның түсі бойынша қандай тамырдың (вена ма, әлде артерия ма) зақымданғанын білуге болады. Веналар екі ірі бағанаға жоғарғы және төменгі құыс веналарға айнала қосылып, оң жақ жүрекшеге құяды. Жүректің осы бөлімінде үлкен қанайналым шеңберіне аяқталады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий