0 комментариев

Әлемнің жеті кереметтерінің бірі – Зевстің алтын мүсіні. Осы мүсінге қатысты сұрақтар өте көп. Мысалы:

Осы мүсінді кім жасаған? Қай елде болған? Қалай безендірілген, биіктігі қанша деген сияқты көптеген сұрақтың жауабын  kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Ежелгі Грекиядағы Олимп тауында Зевс құдайға орнатылған ескерткіш, “әлемнің жеті кереметінің” бірі.
Б.з.б. 5 ғ-да өмір сүрген белгілі афиналық мүсінші Фидий сомдаған. Ежелгі гректер құдайлардың құдайы деп сенген Зевске арнап ақ мәрмәрдан зәулім сарай тұрғызған болатын. Фидий өзінің мүсінін осы сарай ішіне сомдаған. Тақта отырған құдай мүсінінің биіктігі 17 м болған, ол сарай төбесіне сәл-ақ тимей тұрған. Зевс отырған тақ түгелдей алтын және піл сүйегінен жасалған.

Негізгі ағаштан істелген құдай мүсінінің беті, қолы, аяғы және ашық төсі өте нәзік зергерлікпен өңделген піл сүйегімен түгелдей қапталған. Мүсіннің белден төм. бөлігі гүлдермен, жұлдыздармен, әр түрлі хайуанаттар бейнесімен көркемделген алтын жамылғымен жабылған. Мүсінші Зевстің бір қолына ұстатқан жеңімпаздық құдайы Ника бейнесі де, екінші қолындағы қыран қонған тұғыр да алтын мен піл сүйегінен жасалған еді. Ал Зевстің басына таза алтыннан өрілген тәж кигізілген болатын.

Ежелгі гректер ең үлкен бақытсыздық – Зевс құдайдың алтын мүсінін көрместен бұрын өліп кету деп есептеген. Сондықтан да ес білген әр адамға бұл бейнені көру арман болған. Б.з. 5 ғасырында Зевс мүсінін Грекиядан Константинопольге (қазіргі Стамбұлға) көшірген. Мүсін сонда өртте қалып жоқ болды. Бірақ оны көрген адамдардың жан-жақты суреттеп, сипаттап қалдырған көптеген қолжазбалары арқылы Зевстің алтын мүсінінің қандай болғанын көзге елестетуге болады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий