0 комментариев

Ана болу бақытын әр әйел заты сезінгісі келеді. Бірақ бұндай мүмкіндік бәріне бірдей беріле бермейді.

XXI ғасыр медицинаның дамыған кезін жасанды жолмен ұрықтандырып кейбір әйелдерге ана болу бақытын сыйлай аламыз. Бұл да бір үлкен қуаныш. Әйтседе жасанды жолмен ұрықтандыру әйелдің денсаулығына қаншалықты зиянды.  Осы туралы ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

ЭКО дегеніміз- экстракорпоралды  ұрықтандыру. Бұл жасанды ұрықтандырудың әдісіне көбіне жасы 30-дан асқан әйелдер жүгінеді.  Жасанды ұрықтандыру кез-келген әйелдің денсаулығына  жағымсыз әсері болуы мүмкін. Соның ішінде  30 жастан асқан әйелдердің денсаулығына айтарлықтай зиянын тигізеді және бұл өте қауіпті. Бұл дегеніміз дәрігердің мұқият қадағалауын қажет етеді.

Репродуктолог мамандар  ЭКО арқылы бала көтерген әйелдердің денсаулығында қандай өзгерістер болатындығын айтып берді.

Егер сіз жүктілікке дейін көп ауыр дозадағы препараттар немесе антибиотиктер қабылдасаңыз, бұл әрине сіздің бауырыңызға өте көп мөлшерде зиянын тигізеді. Ұрықтандыруға дейін ең бірінші болып, бауырыңызды толық емдеп оны демалтқаныңыз дұрыс . Бұл өте маңызды.

Жасанды жолмен ұрықтандырғанда жүрекке қалай әсер етеді?

Кардиомиопатия. Жүрек бұлшық етінің бұл ауруы жүректің ең қалың бұлшық етінің – миокардтың бастапқы зақымдалуында байқалады. Осының әсерінен, жүкті әйелге дем жетпей, тұншығып тыныс алуы қиындайды. Жүректің шаншуы және әлсіздікті сезініп аяқтары ісуінуін байқауға болады.

Көп мөлшерде бөлінген гармондардың әсері әйел ағзасында байқалмай өтуі мүмкін емес.  Нәтижесінде қандағы экстрогендердің мөлшері артады. Осы себепті ақуыз алмасуы бұзылып, бұлшық еттер әлсірейді. Айта кететіні бұл гармондардың көп мөлшеріне байланысты, қанның уюуы жоғарылайды, олардың концентрациясы жүректің жұмыс істеуін қиындатады.

Қалқанша безінің аурулары

Бұл маңызды органның қызметі өміршең жұмыртқалардың жетілуі үшін жасалынатын гиперстимуляцияның салдарынан қатты бұзылуы мүмкін. Өте ауыр ауыр  горманалды  өзгерістер әйелдің денсаулығына өз әсерін тигізетіні анық. Бұл аутоиммунды тиреоидит сияқты қалқанша безінің ауруын тудыруы мүмкін.  «Бұл аурумен, көбінесе, ЭКО-ға дейін қалқанша безімен ауырған әйелдерде кездесуі мүмкін».

Егер ЭКО-дан  кейін немесе оған дейінгі кезеңде әйел ыстыққа төзбеушілік, жарыққа сезімталдықтың жоғарылауы, бұлшықеттің спазмы, салмақ жоғалту, тез шаршау, ұйқысыздық, тахикардия, қолдар дірілдей бастаса – мұның бәрі тиреоидиттің белгілері. Егер  әйел дұрыс емделмесе , ауру анағұрлым ауыр ауруға – гипотиреозға айналады.

Сіздерге беріліп отырған ақпараттар жасанды ұрықтандыру арқылы жүктілік кезінде кейбір әйелде кездесетін аурулар. Осының алдын алу мақсатында ұсынылған мәліметтер. Жасанды ұрықтандыру жасатар алдында міндетті түрде дәрігермен кеңесіп барып, шешіп қабылдағаныңыз жөн.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий