0 комментариев

Бұл дегеніміз жылт еткен үміттің сәулесі. Бір перзентке зар болған жұптардың үлкен қуанышы. Оның тағдыры кішкене басқаша, себебі ол әдеттегідей анасының жатырына емес, шыны құтының ішінде жатады. Соған қарамастан оларда өмірге құштар, табиғи жолмен дүниеге келген балалардан еш айырмашылғы жоқ.  Жалпы ЭКО- дегеніміз не?  Дүниежүзінде жасанды жолмен ұрықтанған бала дүниеге қашан келді, деген сұрақтарңыздың жауабын kyn.kz  сайтынан оқи аласыз.

Әлем бойынша олардың ең алғашқысы жарық дүниеге 1978 жылы, ал Қазақстан бойынша 1996 жылы келген. Олардың әлем бойынша саны 6 миллионнан, ал Қазақстан бойынша саны 30 мыңнан асады.

ЭКО кезінде бірден жүкті болу қаншалықты мүмкін?
Статистика бойынша, алғашқы ұрықтандыру көп кезде жақсы нәтиже көрсетеді. Алайда, жүз пайыз кепілдік бере алмаймыз. Бәрі ағзаның қабылеттілігіне байланысты. Кей әйелдер 3-4, тіпті одан да көп талпыныстан кейін жүкті болады.

ЭКО дегеннің не  және оның көмегіне қандай адамдар жүгіне алады?

ЭКО – медицина тілімен айтқанда «экстрокорпаральді ұрықтандыру», ал көпшілікке түсінікті тілмен айтқанда «табиғи жолмен балалы болуға мүмкіндігі жоқ ерлі-зайыптылардың аталық ұрығы мен аналық жасушасын алып, инкубаторда бірнеше күн сақтап, әйелдің жатырына салу арқылы балалы болу мүмкіндігін беретін, бедеуліктің кез келген түрін емдей алатын әдіс». Табиғи жолмен пайда болған баладан айырмашылығы – ер мен әйелдің аталық ұрығы мен аналық жасушасы адам ағзасының ішінде емес, сыртында қосылады.

ЭКО-ның тағы қандай қосымша әдістері бар?

Жалғызбасты әйел донордың аталық ұрығын алып, өзінің жатырына салу арқылы бала көтере алады. Тағы бір әдісі – отбасылы әйел ЭКО арқылы да бала көтеруге мүмкіндігі болмаған жағдайда жұбайының және өзінің аталық ұрығы мен аналық жасушасын алып, суррогат ананың жатырына салу арқылы бала сүйе алады.

ЭКО кезінде тек ота арқылы ғана босана алады ма?
ЭКО табиғи жолмен тууға ешқандай да қарсы емес. Көп кезде ота арқылы тууға әйелдің толғақ пен өз күшімен туу кезінде денсаулығына қауіп төну болжамы себеп болады.

ЭКО-дан кейінгі жүктілік қаншалықты қиын болады?

ЭКО – дан кейінгі жүктілік әдеттегі жүктілік секілді өтеді. Әрине, әйелдердің бедеулік тарихына байланысты кейде қиындықтар туындауы мүмкін.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий