0 комментариев

Қай патшаның зиратына арнай тұрғызылған кесене және оны әрлеуде қандай стилдер қолданылғандығын kyn.kz сайтынан оқып біле аласыз.

Кіші Азиядағы шағын қалалардың бірі Галикарнастың әкімі патша Карий Мавсол б.з.д. 351 жылы дүние салады. Патша мұрагерлері жер-жерлерден әйгілі құрылысшы, қолөнершілерді шақыртып, патшаның зиратын тұрғызады. Кесене салу ісінде шығыстың құрылыс стилі (көп қырлы пирамидалар) мен гректің ионикалық стилі байланыстырылған. Кесене екі қабаттан тұрады, биіктігі 40-45 метр. Ол тек биіктігімен емес, грек еліне белгілі Скопас, Леохар, Бриансид, Тимофей секілді әйгілі мүсіншілердің қолынан шыққан әр алуан мүсіндер арқылы көркемделуімен де ерекшеленеді. Мавзолей шамамен алғанда 1800 жыл сақталып келді. Ағылшын археологы Ч.Т.Ньютонның айтуынша, ХV ғасырда крестшілер мавзолейді бұзып, оның құрылыс материалдарын Эгей теңізінде қасиетті Петр сарайын (қазіргі Түркияның Бодрум қаласы) салуға пайдаланған.

Мавсол патша өз қабірін көрген жоқ, ол құрылыс аяқталуға 2 жыл қалғанда қайтыс болды.

Мавсол патша мен оның әйелі Артемисаның табыттары, мүсіндері және басқа дүниелері қазір Лондондағы Британ мұражайымен Ыстамбұлдың археологиялық мұражайында сақтаулы.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий