0 комментариев

Александрия шамшырағы туралы ақпаратты kyn.kz  сайтынан оқи аласыз.

Фарос аралының шығысындағы Египеттің эллиндік орталығы Александрия қаласының маңында орналасқан. Қала атын әлемге танытқан Фарос шамшырағы  біздің заманы-мыздың III ғасырында салынды. Тұтастай мәрмәр тастан қашалған, асқан шеберлікпен қаланған шамшырақтың  биіктігі – 150 метр. Сол заманда бұдан биік құрылыс жоқ еді. Бүкіл грек әлеміндегі мұндай үлкен көлемдегі құрылыстың авторы – Книдтен шыққан Сострат. Мәрмәрдан соғыл-ған құрылыстың бір қабырға-сына ол: «Книдтен шыққан Дексифананың ұлы Сострат, бұл құрылысты теңізшілерді құтқарушы құдайларға арнадым», – деп ойып жазған. Оның үстіне саз балшықтың жұқа қабатымен патша Птоломей Состердің жорық жырынан үзінді келтірген. Уақыт өте келе сылағы түсіп қалған соң, ұлы инженердің аты белгілі болады. Маяк құрылысын салу кезінде Александрия ғалымдары ойлап тапқан құрылғылар пайдаланылған. 120 метрлік үш қабатты мұ-нараның төменгі қабаты төрт қырдан тұрады. Бұл төртеуі төрт бағытқа – батысқа, шығысқа, солтүстікке және оңтүстікке қараған. Екінші қабаттың сегіз қыры сегіз жақтан соққан жел бағыты-на ыңғайластырылған. Үшінші қабатта биіктігі жеті метр Посейдон мүсіні мен күмбез арасын жалғаған шырақ тұр. Металл айналардың күрделі жүйесі шамның шырағын ұлғайтып, жарқырата түседі. Бұл теңіз кеңістігін бақылауға мүмкіндік берді. Бұл ғажайып құрылыс ХIV ғасырға дейін сақталып келген.

Александрияның маягы шамамен 1000 жыл тұрды.  Маяктың биіктігі 120-140 метр болатын. Жоғарғы жағында теңіз құдайы – Посейдонның мүсіні орнатылды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий