0 комментариев

Грекия Еуропа оңтүстігінде, Балкан түбегінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Албаниямен, бұрынғы югославиялық Македония республикасымен және Болгариямен, солтүстік-шығысында — Түркиямен шектеседі. Шығысы мен оңтүстігін Эгей теңізі, батысын — Ион теңізі шайып жатыр. Осы елді мекендейтін юнандар (гректер) атымен аталған. Грекияға қатысты тағы да қызықты танымдық ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.  Әр мемлекет сияқты Грекияның өзінің жүйесі реформалары болған. Солардың біріне тоқталып өтсек бұл Тезей реформалары.

Тезей реформалары. Бүкіл Афин халқын біріктірген Тезей деген бази-левс, ол барлық белгілі рулардың басын косты.  Тезейдің саясаты “синой-кизм” деген терминмен аталды, бүл сөз “біріктіру” деген мағынаны біддіреді.  Гректердің төрт руының қосылуына объективтік себептері бар. Оңтүстіктен гректерге дорийцтардың соғыс ашу қаүпі төнген еді. Тезейдің 2 реформасынан бұрын Афины қалаларын басқару өз бетінше жүргізілді, тек соғыс уақытында болмаса, барлығының бас қосуы сирек болатын. Бүкіл Аттиканың бірлесуі ХІ-Х ғасырлар. Жаңа бірлескен өкіметтің басында рулардың ақсүйектері түрды.

Грекияның халқы: эвпатридтар, геоморлар жөне демиургтар болып үш бөлікке болінді.

Эвпатридтер-ақсүйектердің балалары, олардың әкесі де, атасы да ақсүйек әулетіне жататын. Ақсүйектерді біріктіретін олардың байлығы, бәрі де ірі жер иелері еді.

Геоморлар – жер иеленушілер де, демиургтар – қолөнершілер.

Аттиканың бірігуі және эвпатридтардың күшеюі олардың жаңа органға ұйымдасуына себеп болды. Оның аты-Ареопаг, Арес соғыс құдайының аты. Ареопаг Арес тауында жиналды. Бұл кезеңде Афинаның рулық құрылысы өзгеріп, ол енді 4 филаға  бөлінді, әрбір фила 3 фратрияға бөлінді, фратрия 30 рудан, бір ру 30 еркек адамнан тұратын болды. Афина құдайы бүкіл Аттиканың құдайы деп саналды.

VII ғасырда Афины өкіметі 12 навкарияға бөлінді, әрбір навкария соғыс уакытында бір кеме жабдықтайтын. Бұл да мемлекет болудың белгісі еді.

Афинада ең жоғарғы орган болып халық жиналысы саналды. Бірак оның атқаратын рөлі төмендей бастады да, бірінші орынға Ареопаг шықты. Ареопагты рулардың ақсүйектері қолдады. Археопагтың қолында сот билігі, әкімшілік билігі, дін әкімшілігі болды. Сотты былай еткізетін: айыптаушы кешірмеу тасына тұрып айыптайтын сөзін айтса, айыпкер өкпе тасына тұрып сөзін айтады. Екі жақ та шындығын айтып тұрғаны туралы құдайға ант береді.  Ареопагтың мүшелері өздерінің дауыстарын екі урнаға: қайырым ету урнасына және ажал урнасына бөліп салатын.

Бұрын бүкіл халыққа тиісті күш енді тек қана евпатридтердің қолына көшті де, солардың нарықтық жағдайын қорғады. VIII ғасырда бүкіл Афин аумағы 48 навкарияларға бөлінді, әрбір навкария үкіметке бір кеме беретін болды және архонттармен навкариялар кеңесі деп аталатын жаңадан екі алқа құрылды. Бұл сала аумақтық бөліске жататын дербес мемлекеттік белгіге айналған еді.

Ареопагтан басқа архонттың жаңа қызметі де мемлекет құрамына енгізілді, олар атқарушы үкімет болды. Бұл қызметке алған адамдар 10 ясылға сайланатын еді. Уақыт өте келе олар бір жылға сайланатын болды.
Архонттардың саны тоғызға жетті: архонт-эпоним, архонт-базилевс, архонт-полемарх, қалған алты архонт-фесфометтер қызметін істейтін, осы архонттардың бәрі ареопагқа кірді.

Біздің дәуірімізге дейінгі 621 жылы Афинде архонт-фесфомет Драконт жазған қүқық нормалары халыққа жарияланды. Олар тарихқа “драконт зандары” деген атпен енді де, кейін ол жалпы шектен тыс қатал заңдардың теңеуі болып кетті.

Драконт зандарының шектен тыс қаталдығы алдымен ұрлық үшін берілетін жазаға қатысты байқалды. Қандай да болмасын ұрлық жасаған адам өлім жазасына тартылатын. ұрлық үшін жазалаудың қаталдығы тек Драконт зандарына ғана тән емес, ол жалпы ежелгі замандағы таптық қоғамның заңдарына тән нәрсе. Ол қауымдық меншіктің орнына келген жеке меншіктің қалыптасу және нығаю процесін корсетеді.

Драконт зандары қанға қан алатын кекшілдікке шек қойды, өлген кісіні жерлеген уақытта моласында найзаны жерге қадаса, өлген кісінің балалары оған жаудан кек алатынан көрсеткені. Бірақ Драконт заңы кісі өлтірушіні азаптауға тыйым салады. Бұл заң кастықпен әдейі өлтіру және абайсыз өлтірудің айырмашылығын айтқындауды қажет деп санайды. Дегенмен Драконттың ауызша қарапайым құқықты қағазға түсіріп жазуы, қанға қан алатын кекшілдікке шек қойып, жеке меншікті қорғауы, сот ісінің барысын анықтап, айқындауы өз кезеңі үшін прогрессивтік болды.

Заңның қағазға түсіріліп, қабылдануы демос пен евпатридтер ара-сындағы қайшылықтарды тоқтата алған жоқ. Өйткені ол демостың на-рықтық жағдайын қандай да болмасын дәрежеде айтарлықтай өзгерте алмады. Оның бүрынғысынша құқықсыз қалған жағдайы тіпті ескерілген де жоқ. Ал демостың күші барған сайын арта түсті. Тұрғылықты демос басқа полистерден келген гректермен толықтырылып отыратын.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий