0 комментариев

Солон деген кім? Солон реформаларында оның ең алға қойған мәселелері қандай болды? “Сисахфия” реформалы елге қандай пайдасын тигізгені туралы білгіңіз kyn.kz сайтын оқыңыз.

Солон реформалары. Б.3.д. дейінгі 630 жылы эвпатридтерге қарсы Килон қуғын-сүргіні болып отті. Бірақ ол жеңіске жете алған жоқ. Б. д. дейінгі 594 жылы архонт болып Солон сайланды. Оның алдында екі мақсат тұрды: Афина полисін басқару және Саламин аралын жаулап алып, Мегара қаласын Афинаға бағындыру. Саламин аралы Афинаның Пирей шығанағына кіретін жолын бақылауға қолайлы орналасқан, сондықтан оны өзіне каратудың Афина үшін маңызы ерекше болды. Солон Кодрид даңқы елге жайылған Афина базилевсі. Бірақ мүліктік жағдайы бойынша Солон іс жүзінде демостың орта жігіне жататын, өйткені ол саудамен айналысатын (сол саудадан байыған) Солон жіберген афин отряды бұл тапсырманы орындады.

Ол саяси тақырыпқа олеңдер шығаратын елге белгілі ақын әрі философ еді. Солон өзінің реформалар үшін шығарған зандарын өлеңмен жазған. Бұңдай талант Солонның атағын, халық алдындағы беделін жоғары көтерді. Солон істеген елеулі жұмыстарының бірі – заң қабылдау. Солонның реформаларын нарықтық жөне саяси деп бөлуге болады. Заң шығарушы ретіңде Солон селолық, негізінен ауқатты қалалық демостың және оларға қосылған евпатридтердің мүддесін жақсы сезініп, нарықтық мәселелерді айқын түсінетін.

Бірінші шешілуге тиісті мәселе – салық және жер болды. Евпатридтер өзінің көршісіне қарыз берген кезінде оның жер үлесіне қарыздың бағасы көрсетілген тас бағана қоятын. Жер үлесінің иесі алған егіннің алтыдан бірін евпатридке тапсыруға тиісті болды. Ал егер оған шамасы келмесе, оның жері қарыз берген қожаның қолына өтуі шарт. Одан кейін қарызды өтей алмайтын адамдар өзінің жеке бостандығын кепілдікке салып, ұзақ мерзімге қарыздар үшін құлдыққа түскен. Мүндай жағдайда ол шетелдерге сатылып кетуі де мүмкін еді. Солон бұл проблеманы шешу үшін “сисахфия” деген реформа өткізді. “Сисахфия” дегенде “ауыр жүкті сілкіп тастау” деп түсіну керек. Ол бойынша жер учаскесінде орнатылатын бағаналар жойылды. Сөйтіп, шаруалардың қарыздары жойылды. Қарыз үшін құлдыққа түсу дегеңді де өмірбақи жойды. Солон шетелге қарыз үшін сатылған құлдарды іздестіріп, оларды қайтадан сатып алып, отанына қайтарып отырған.

Оның “сисахфия” реформасына бірде бір тап риза болған жоқ. Евпат-ридтар оған кедейлер қарызын төлемеді деп ренжіді, ал кедейлер жерді қайтадан халық арасында бөлмеді деп наразылық білдірді.
Солон Аттикадан астықты сыртқа шығаруға тыйым салды да, басқа азық-түлік өнімдерін (жүзім, бау-бақша шаруашылығын ) сатуға рүқсат етті.

Қолөнер мен сауданы өркендету мақсатында Солон мынадай заң шығарды: егер кезінде әкесі баласына мамандық беріп, қолөнерге үйретпесе, баласы әкесі қартайғанда жәрдем көрсетуден бас тарта алады.
Солон бүкіл елге ортақ өлшем енгізіп, ақша реформасын жүргізді. Бұл реформа бойынша жаңа жеңіл евбей таланты қарым – қатынасқа енгізілді.

Солон Аттиканың нарықтық өмірін жандандырып, нысапсыздыққа қарсы күресті. Ол сый-сияпатпен жерлеуді, қымбат мазарларды салуды және тасаттық беруді тыйды. Солон қарыз берушіге 9 проценттен артык өсім белгілеуге тыйым салды. Солон еткізген нарықтық реформалардан кейін құлдарды тек қана шетелден әкелетін болды, Аттиканың азаматтарын құл ету мүлде тоқтатылды.

Солонның нарықтық реформасы саяси реформалармен толықтырылып отырды. Ол генократияны (“генос”-ру) – рулық аристократтардын билігін жойып, оны тимократиямен (“тиме”- баға, күн), яғни, дүние, мүлік цензісіне негізделген билікпен алмастырды. Ол осы арқылы ақсүйектерді рулық құрылыстың ескі әдет-ғүрыптармен байланыстағы ерекше жеңілдіктерден айырды. Ареопагпен қатар Солон 400 кеңесі деп аталатын жаңа орган шығарды. Бүкіл Аттиканың азаматтары елдегі дүние-мүлік цензісіне қарай топтарға бөлінді. Оның негізіне егін шаруашылығынан алынатын натуралдық табыс алынды. Бірінші топқа өзінің жерінен астык түрінде немесе сұйық өнім түрінде 500 медимнен кем табыс алмайтын азаматтар жатқызылды (Бір медимн-41-53 литр май, шарап немесе бидай). Бұл тап бес жүздік деп аталды.

Екінші топқа өзінің жерінен 300 медимнен кем табыс алмайтын азаматтар кірді. Оларды салт аттылар деп аталды, өйткені олар өзінің әскери атымен атты әскер қатарына өтуі керек болды.

Үшінші топқа өзінің жерінен 200 медимнен кем табыс алмайтын азаматтар кірді. Оларды зевгиттер деп аталды, яғни, олар өз өгіздерін жегетіндер, олар жаяу әскер жасағында қызмет етуге және жеке өзінің ауыр қару-жарағын иеленуге міндетті еді.

Төртінші топқа табысы 200 медимнен аз азаматтар жатқызылды. Олар феттер деп аталды. Әскери қызметте олар қосымша жүмыстар атқарды. Ең бай топты Афины азаматтары-әскери кемелерді жасақтап, оларды қалыпты жағдайда үстап түруга тиісті болды. Солон Ареопагты әлсіретті, ол оның құзыретінен халық жиналысында қаралатын істерді дайындау міндетін тартып алып, төртжүздік кеңесінің қарамағына берді.

Бүл істерді әзірлеу үшін Солон Бүле (400 кеңесі) деп аталатын жаңа мемлекеттік орган қүрды. Ол ертеден келе жаткан рулық төрт филаларының жиналысыңда 1, 2, 3, топтардың азаматтарынан сайланатын болды.
Халық жиналысы Солон реформаларының нәтижесінде Аттиканың өмірінде бұрынғыдан әлдеқайда белсенді рөл атқара бастады. Оңда ағым-дағы саяси мәселелер талқыланып, архонттар және басқа да жоғарғы қызмет адамдары сайланатын. Кейін олардың бәрі өз жүмысы жөнінде жиналыс алдында есеп беретін болды. Халық жиналысына азаматтардың бәрі де қатынасты.

Гелиэя-жоғарғы сот. Демек ант берген қорғаушьшардың 6000 адамынан жаңа жоғарғы сот құрылды. Бұған барлық төрт топтың азаматтары қатыса алатын болды. Гелиэя он комиссиядан құрылды, оның әрқайсысында 501 адамнан болды, қалғаны запастағылар есебінде болды.

Солонның саяси реформасынан кейін, жоғарыда ескертілгендей, аза-матты оның шыққан тегіне қарай бағалау өлшемі, енді дүние-мүлкіне қарай бағалаумен ауыстырылды. Архонттарды бірінші дүние-мүлікті топтан ғана сайлауға болатын еді, ал 1-3 топтың азаматтары төртжүздік кеңестің мүшесі бола алатын. Барлық төрт топтардың азаматтары халық жиналысына және гелиэяға қатыса алатын болды. Солонның реформалары ру ақсүйектері-евпатридтердің билігін тежеп, ру-тайпалық ескі өдет-ғүрыптарын жоюға бағытталған еді. Евпатридтер еңді оларды қанай алмайтын болды. Бұл реформалар шетелдерден құлдарды сатып әкелу негізіне сүйенген құл иеленуші шаруашылығының дамуына әкеліп соқты.

Тұтас алғанда Солонның реформалары белгілі дәрежеде компромистік реформалар еді. Ол ареопагқа оның заң шығару және бақылау функция-ларын қалдырды, Аттиканың ескі ру-тайпаға бөлінуіне, төрт рулық тайпаға-филаға бөлінуіне тиген жоқ. Ал оның бер жағында Аттикада аумақтық ру-тайпаға бөліну принципі Солонның реформасына дейін-ақ бүзылған болатын. Барлық халықтан соғыс кемелерін жасауға қаржы жинау үшін Аттика 48 навкария деген округтерге болінді. Солон реформаларының Аттиканың одан әрі әлеуметтік, нарықтық және саяси өркендеп дамуында орасан зор маңызы болды.

Солон өзінің реформаларымен евпатридтердің ашу-ызасын туғызды. Оның реформаларына демостың кедей жіктері де риза емес еді. Олардың аш-жалаңаштығының негізі – бөлініп берілген жердің аздығы еді. Кедейлер евпатридтердің жерінің бір болігін алғылары келді, бірақ Солон оны орыңдамады. Солонның ценз реформасы азаматтардың онша бай емес жіктерінің саяси құқықтарын шектеді. Ескі төрелер де оған қарсы шықты. Солонның реформалары әлі жеткіліксіз болды деп түсінген демостың төменгі жіктері де наразылық білдірді. Солон біраз уақытқа Афинадан кетуге мәжбүр болды. Солон кеткеннен кейін көп ұзамай-ақ Аттикада топтық және саяси күрес шектен тыс шиеленісіп кетті. Өзара тартыс кезінде үш түрлі: әлеуметтік, саяси жөне аумақтық топтар қүрылды. Педиэйлер-олардың басында Ликург тұрды, бала Парлийлерде-Мегакл, Диакрийлерде-Писистрат көсемдік жасады. 560 жылы бүл күресте Писистрат жеңіп шықты. Ол Акрополды басып алды да, мемлекеттік тоңкеріс жасады. Сөйтіп ол тиранға айналды.

Бірақ ол Солонның заңдарын жойған жоқ, қайта кезінде Солон бастаған өлеуметтік, нарықтық және саяси реформаларды жалғастырды. Писистраттың ең басты шараларының бірі-мемлекеттік ұзақ мерзімді қарызды енгізу болды. Бүл өзгеріс шаруалардың жағдайын жеңілдетті.
Шаруалардың сотқа байланысты жүмыстарын жеңілдету үшін Писи-страт демаларды аралап жүретін соттар қызметін енгізді. Ол мөлшері оннан бір тұрақты табыс салығын енгізіп, мемлекет қазынасын тәртіпке келтірді.

Қала демостарының – саудагерлер мен қолонершілердің де мүддесін ескеру қажет болды. Олардың мүддесі үшін Писистрат қызу сыртқы саясат жүргізді. Қолөнершілер экспортқа қара лак вазаларды көптеп жасайтын. Писистрат құдай Диониске жүзім шаруашьшығы мен шарап жасау ісінің қамқоршысына сыйынатын мемлекеттік діни қызмет ұйымдастырды. Дионистің құрметіне жалпы қалалық мереке-тойлар ұлы дионисийлер еткізілетін. Сонымен қатар Писистрат-Афина қаласын сауда, қолөнер және мәдени орталық ретінде дәріптеуге тырысты.

Қала қамқоршысы Афина құдайының құрметіне ұлы Панафинейлер өткізілді. Писистрат б. д. дейінгі 527 жылы қайтыс болды. Ол өле-өлгенше өкімет басында қалып қана қойған жоқ, сонымен қатар билікті өзінін балалары Гиппий мен Гипархқа беріп кетті.
Б. д. 510 жылы тирандық өкімет билігі жойылды. Писистраттың Гипарх деген баласын евпатридтер өлтірді де, Гиппийді Афинадан қуып жіберді. Бұл көтерілісті Спартаның көмегімен Алкмеонид руы басқарған еді.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий