0 комментариев

Клисфенның реформалары ру тайпалық қалдықтар мен сарқыншақтарды толығымен жойды. Осы реформаға қатысты мәліметтерді kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Клисфеннің реформалары. Б.з.д. дейінгі 509 жылы Клисфен (Алкмео-нир руынан) реформалар жасауға кірісті. Оның бұл реформалары ру-тайпа қатынастарының қалдықтары мен сарқыншақтарын толық жойды және Афинада құлиеленушілік демократия жүйесін қалыптастырды.

Ол ескі төрт ру-тайпалы филаларды жойып, олардың орнына он аумақ-тык филалар құрды. Әрбір фила үш бөлімнен құралды: қалалық, теңіз жағалауы жөне ішкі аудандар. Алғашқы екеуінде демос, үшіншісінде ари-стократтар басым болды. Клисфен бүл үш ауданның әрқайсысын 10 трит-тийге бөлді, бүкіл Аттика 30 триттийға бөлінді. Әрбір жаңа аумақтық фила үш: бір қалалық, бір теңіз жағалауы, бір ішкі триттийден тұрды. Бұл реформа халықты әбден араластырып, ру-тайпалық қатынастардың қалдығын бұзу мақсатын көздеді. Клисфен Аттиканың бүкіл аумағын 100 төменгі бастауыш аумақтық әкімшілікке бөлді. Олар дем деп аталды. Әр филада 10 демнен болды. Кейіннен демдердің саны көбейді. Әрбір Афина азаматы өзі шыққан демге тіркелді. Озі шыққан руына байланысты атауға тыйым салынды. Сөйтіп рулық қатынастар жойыла бастады.

400 адамнан түратын солондық кеңес бесжүздіктер кеңесіне айналды (өр фила 50 өкілден). Халық жиналысында тыңдалуға тиісті істерді әзірлейтін орган ретіндегі оның ролі күшейді. Бесжүздіктер кеңесі жоғарғы әкімшілік орган болды.
Остракизм (куғын-сүргін). Үкіметтің беделді азаматтары Афина жерінен аласталып қуғынға үшыратылды. Қуғынға түскен беделді азаматтардың Аттикаға 10 жылдан кейін қайтып келуіне рүқсат етілді. Ондай азаматтардың отбасы және мүлкі есептен шығарылмай, сақталды. Бұл қуғынның құрметті түрі деп есептелді. Ең беделді азаматтар Афинаның халық жиналысында ресми белгіленіп отырды. Афинаның 6000 азаматы қолына берген тасқа, ыдыстың сынығына олардың атын жазды. Клисфеннің реформалары Афинадағы демократиялық құл иеленушілік полистің қалыптасу процесін аяқтады. Клисфеннің реформалары рулық қүрылыстың ең соңғы қалдықтарын “түпкіліктен” жойған төңкеріс еді.

Афина мемлекетінің басты билік органдары – халық жиналысы, бесжүздіктер кеңесі, ареопаг, гелиэя, стратегтер, архонттар комиссиясы, болды. Афина мемлекетінің басты билік органы халық жиналысы – эк-лексия. Халық жиналысы 10 күнде бір рет Акрополь жанындағы үлкен жайдақ тебе Пникстің басына жиналатын. Кейінірек мәжілістер Афина театрында өткізілетін болды. Халық жиналысына 20 жасқа толған Афина азаматтары қатынасатын. Афина азаматтары деп саналатын адамдар Ат-тиканың қала тұрғындары, еркек адамдар, 18-ге толғаннан кейін бір жыл ішінде семсерлесу, ату, найза лақтыру, жаттығуларын үйренуі үшін Пир ауданында бірге жиналады. Бір жыл оқудан кейін олар күзет қызметтерін атқарады да, 2 жылдан кейін 20 жасында Аттика азаматтары деп саналатын болды. Олардың үстазы-софронистер өте беделді, белгілі адамдар, оларға бір күн оқытқаны үшін 1 драхма беріп түрды, олар 500-діктер кеңесінің мүшесі деп саналды.

азаматтарының негізгі құқықтарына бостандық, жеке тәуелсіздік, жерге қожалық ету, үкіметтен нарықтық көмек алу жататын. Ал міндеттеріне мүлікті сақтап ұстау, өзі тұрған полиске көмек беру, отанды корғау, үкіметтің заңын орындау, құдайды сыйлау, мемлекет басқару ісіне белсенді қатысу кіретін.
Өзге қалалардан Афинаға қоныс аударған гректер – метектер және сондай-ақ құлдар эклексияға (халық жиналысына) жіберілмейтін. Халық жиналысының ең біріншісі негізгі, басты деп аталды. Бұл жиналыс бүкіл лауазым иелерінің есебін тыңдайтын, егін жағдайын және мемлекеттік қауіпсіздік сақшысының ісін қарайтын. Халық жиналысы 9-10 күнде бір рет жиналды. Басқа жиналыстары Афина саясатының барлық негізгі мәселелерін талқылайтын және шешетін, қаржы мәселелерін қарайтын, соғыс және бейбітшілік жөніндегі мәселелерді шешетін, өзге елдерден келген елшілердің баяндамаларын тыңдайтын және сондай-ақ күнделікті көптеген мәселелерді қарап отыратын. Халық жиналысында әрбір афина азаматы кез келген мәселені көтеруге ерікті еді. Шешім ашық дауыспен қол көтеру арқылы кейде жабық дауыспен де қабылданатын. Жабық дауыс бергенде урнаға бұршақ, қара не ақ тастар, не болмаса жазуы бар ыдыстың сынықтары салынған. Халық жиналысын жинайтын притандар, олар 5 күн бүрын халық жиналысының күн тәртібін жариялайтын. Б. д. дейінгі 395 жылы халық жиналысына қатынасқан азаматтарға ақы төлеу тәртібі енгізілді.
Халық жиналысынан тысқары өзге де демократиялық мекемелер өмір сүрді. Дегенмен, өздерінің маңызы жөнінен олардың ешқайсысы халық жиналысымен теңесе алмайтын. Афина халық жиналысының қызмет бабы өте кең болатын. Онда: заң қабылдау, қызмет адамдарын сайлау, қаржының қалай жұмсалғанын тексеру, жоғарғы сот қызметін өткізу, халық жиналысын басқару органдары болды. Аттикада бүкіл қызмет адамдары халық жиналысы арқылы бір жылға сайланып түрды. Азаматтардың бәрі сайланбастан бұрын докимасияға салынды. Бесжүздіктер кеңесі, архонт, 10 стратегтер, Ареопаг, Гелиэя, қаржы комиссиялары деген қызмет органдары болды.

Архонтар. Афина тұрғындары архонттарды сайлады. Бірінші архонт соттың төрағасы болды және басты діни қызметті атқарды. Екінші архонт-базилевс, ол дін салтын басқарды, үшінші базилевс-полемарх құрбандық шалу қызметінде, қалған архонттар-фесфомет қызметінде болды. Буле-бесжүздіктер кеңесі. Бұл кеңес халық жиналысы талқылауға тиісті мәселелерді әзірлеп, олардың күн тәртібін белгілейтін. Бұдан тысқары бесжүздіктер кеңесі Афинаның қызмет адамдарының істерін қарайтын. Булевтерді әрбір аумақтық филадан жасы 30-ға келген 50 ер адам сай-лайтын. Булевтерді докимасиядан өткізеді. Әрбір булевтің ойын, жүріс-тұрысын, бет алысын, міндетін және құқығын тексереді. Булевтер міндетке ие болудан бұрын өзінің жүмысын адал атқарамын деп халыққа ант береді. Булевтер басына жасыл жапырақ қадап, сайланған уақыты біткеннен кейін өз жүмысы туралы сайлаушылары алдында есеп беріп отырады.

Бесжүздіктер кенесі. Бесжүздіктер кеңесінің кызметі. Бұл жоғарғы бас-қару органы болып саналды. Бесжүздіктер кеңесі каржы жүйесінің басқару органы болды. Ол мемлекет қазынасына ақша қайдан түсетінін анықтап, үкіметтің қарыздарын жинады, мүлігін сатты, азаматтарға жердем ақша берді. Бесжүздіктер кеңесінің басқаруында сонымен бірге теңіз әскери күш де болды.

Бесжүздіктер кеңесі ғибадатхананың, мерекелердің, кемелердің, қоғам-дық қүрылыстардың қамын ойлады.
Бесжүздіктер кеңес қызмет тәртібі өте қызық. Әрбір аумақтық филадан сайланған 50 кеңес мүшесі жылдың 10 күнінде бір рет, барлығы 1 жылда 36 күн жүмыс істейтін. Бүл уақыт-притания, ал кеңес мүшелері притан деп аталды. 50 адам 36 күн үлкен базардың жанындағы денгелек үйде бірге түрып, мемлекетті басқарған.
Гелиэй. Гелиэй – ант берушілер соты – ірі демократиялық мекеме еді. Судьяларды жеребе бойынша бүкіл Афина азаматтары сайлайтын. Барлығы 6000 судья сайланатын, олардың ант берген 5 мыңы 501 кісіден он комиссия қүрды. Ал бір мыңы қосалқы судьялар еді. Афина соты 10 комиссияға белінді.

Судьялар мен сот мекемелерінің саны осынша көп болуы-олардың тек афины азаматтарына ғана емес, езгелелерге де қызмет етуіне байланысты еді. Мұнда Афинаның барлық одақтастары, басқаша айтқанда, іс жүзінде Кіші Азия жағалауының, Өңтүстік Францияның және Эгей теңізі аралдарының барлық түрғындары дерлік сот істерімен келуге тиісті еді.

Гелиэйда бірде бір азамат өзінің ісі қай комиссияда қаралатынын алдын ала білмейтін. Ол мұны сот болатын күні немесе мәжіліс басталардың алдында ғана білетін. Мұндай ереже сот қызметкерлері пара алмауы үшін қажет болды. Ертедегі кезде адвокаттар болмайтын. Сот қызметкерлері немесе айыпталушы шығып сейлейтін, сондай-ақ олардың туыстары да сейлей алатын. Сотта сейлейтін сездерін оларға заңгерлер жазып береді. Жазылған сезді жаттап алып, жылдам әрі дүрыс айту шарт еді. Соттың мәжілісі ашық отті. Екі жақ дәлел келтіріп, біреуді куелікке салды.

Құлдардың сотқа берген жауабы оларды тек қинағаннан кейін ғана дұрыс деп саналатын.
Біздің дәуірімізге дейінгі ІІ-ІІІ ғасырда Пелопонестің оңтүстігінде ежелгі Спарта мемлекеті өмір сүрді. Мемлекет Спарта деп аталғанымен, ол ел өздерін Лакония деп атады. Спарта ежелгі Грекияның тарихына үлкен із қалдырған ел. Спарта мемлекетінің пайда болуына алып келген себептердің ерекшеліктері болды. Олардың бірі – таптық қоғамның пайда болуына соғыс әсер етті. Жеңіп алған дорийцтер жергілікті ахей тайпаларымен бірігіп, Спарта қоғамын құрды. Олар көрші Мессенияны бірігіп жаулап алды да, өздерінің жерлерін кеңейтті.

Спартаға біз саяси демократиялық мемлекет деп мінездеме береміз. Жаулаушылар жерге, құлдарға жеке меншік кұрып, оған таптық саралауды өткізді, спартиаттар үстем тапқа, жеңіліп қалған тұрғындар құлдарға және құқығы кем азаматтарға айналды. Олар илоттар деп аталды. Илоттардың жерлері ең құнарлы болатын, сондықтан олар өздерінің жерлерін спартиаттарға бермеу үшін көп уақыт олармен соғысты.

Лаконияның басқа шаруалар қауымы Спартаға бағынып, өздерінің жерлерін бере салды. Олар периэктер деп аталды. Илоттарға қарағанда периэктердің құқықтары көп болды. Өздерінің қауымында олар азаматтық құқықтарды пайдаланатын, бірақ Спартаның өзіңде олар екінші сортты адам деп саналып, үкіметті басқаруға қатыса алмайтын. Сонымен Спартада 3 тап пайда болды: олар спартандықтар, илоттар және периэктер еді.

Дорийліктер өздерін басты қаласы Спартаның атымен спартандық-тармыз деп атады.
Пелопонестің аумағыңда, таулы жерлерде тұратын тайпалар, сондай-ақ дорийліктерге өз еркіменен бағынған ахейліктердің кейбіреулері периэктер деп аталды. Бұлар толық құқылы азаматтар болмаса да, құлдыққа түсе қоймаған халық.
Илоттардың қүқығы құлдардың құқығына жақын екені белгілі. Спарта халқының негізгі таптары-сословиелері: спартандар, периэктер жөне илоттар осылай бөлінді.
Мессен соғысынан кейін спартандар мессен жерлерін алып болғаннан кейін оларды 9000 жер учаскесіне бөлді. Сол жер учаскелері спартандарға таратыдды. Учаскені бөлуге болмайтындай етіп, илоттармен бірге берілді. Әрбір жер учаскесінде илоттардың 1-2-3 отбасылары тұратын еді. Ол жерлер илоттармен бірге сатылып отырды.

Спартандар илоттар мен периэктерді басып-жаншып тастайтын. Егер бала аурулы, әлсіз болып туылса, оны әкесіне шатқалдан лақтыруға бұйы-ратын. Денсаулығы дұрыс мықты баланы тірі қалдыратын да, ол жеті жасқа дейін анасының бауырында тәрбиеленетін.
7 жастан бастап бала қоғамдық мектепке барып, онда ер жеткенше, яғни, 18 жасқа дейін уақытын өткізетін. 7 жастан-12 жасқа дейін 1 кезеңі деп саналады. Плутарх былай деп жазған: “Ликург заңымен балаларды ақысына жүмыс істейтін мүғалімдерге өткізуге болмайды”. Балалардың 12 жасқа дейін оқитын жері Агела деп атадцы. Агеланы ең күшті, ақылды бала басқарды.
Мектептің тәртібі өте қатал болатын. Балалар қатты төсеніште жас-тықсыз ұйықтап, жеңіл көрпе ғана жамылатын. Олардың киімі де жеңіл болатын. Қысы-жазы жалаң аяқ, жалаң бас жүретін. Олар ыстықты қалай көтерсе, суыққа да солай шыдауы керек еді.

Спарта балалары өзара көп төбелесетін еді. Қарттар олардың төбелесіне қарап, балалардың мінез-күлқын зерттеп отыратын. Спарталықтар ба-лаларын төзімділікке тәрбиелеу үшін, оларды аштық пен сусын ішпеуге үйретті. Кейбір күндерде оларға су бермейтін. Оларды жараның ауырғанына шыдауға үйрететін.
Мектепте балалар дене шынықтырумен және өскери іспен шүғылданды. Төрбиенің мақсаты – күшті де шыныққан жауынгер өсіру еді. Олар оқуды, жазуды, санауды, өн салуды және билеуді, патриоттық та-қырыпқа олең оқуға үйренді. Философиямен, өнермен айналысуға рұқсат етілмеді. Балалар мейлінше қысқа да ықшамды сөйлеуге үйретілді.

Грекия елінде тек жалғыз Спартада ғана әйелдердің тәрбиесіне үлкен назар аударылды. Спарталықтар денсаулығы жақсы бала тек денсаулығы жақсы анадан ғана туады деп санайтын. Сондықтан қыздар үй тіршілігімен айналыспайтын. Мүның бәрін илот әйелдері істейтін. Спартаның әйелдері ерлер сияқты бала күнінен бастап гимнастикамен және спортпен шұғылданды.
Қыздар үл балалар сияқты оқитын, жаза және санай алатын. Спартандар кәмелет жасқа жеткеңде үйленіп, шаңырақ құрды. Бірақ олардың кейінгі омірі таза әскери сипатта болды. Күні бойы олар әскери отрядта, сол өздері мектепте бірге оқыған жолдастарымен бірге болды. 20 жасынан бастап еркін спартандар сисситияға қатынасады, жерге қожа болады. Сисситияның мүшесі болу үшін белгілі бір мөлшерде заттай үлес қосуы тиіс еді.

Сисситияның әрбір мүшесі ұн, арақ, май, ірімшік, жеміс тәрізді өз үлесін әкеліп тапсырады. Сисситияда олар әскери жаттығуларды бірге жасап, бірге тамақ ішті. Сисситияның мүшелері “тең адамдар қауымына” кірді және барлық саяси құқықтарды пайдаланды. Егер спартаңдық кедейленіп, сисситияға өзінің үлесін қоса алмайтын болса, ол қауымнан шығып қалады, содан барып “тең адамдар қауымынан” да шығарылатын. Сөйтіп ол саяси құқығын да жоғалтатын.

Спарта азаматтары 30-ға жасқа толғанша өзінің құқығын толық пай-далана алмады. Оған базарға барып бірдеме сатып алуға рүқсат берілмеді, өзіне керек заттарын ол 30-ға толған туысқандарына сатып алғызады. өте көп уақытын ол сисситияда өткізетін. 30 жасқа толған Спартаның азаматтары қүқықтарын толық пайдаланатын. Осы уақыт ішінде ол шаңырақ құрып, үкіметтің үлкен қызмет орнын пайдаланды. Спарта тәрбиесінің, сондай-ақ спарталықтар өмірінің барысы елдің әскери қуатын нығайту мақсатына бағытталды. Спартандық ең аддымен жауынгер болуы керек еді. Бұл сырттан келетін жаудың жақыңдығынан туған қажеттілік емес, өзімен дұшпандық пиғылдағы халық илоттармен үнемі бірге өмір сүруден туған құбылыс еді.
Окімет спартандықтардың жеке өмірінде істейтін істерін құқықпен тәртіпке салды.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий