0 комментариев

Биогеоценоз деген қандай процес және ол тағы қандай табиғи процестермен байланысы бар деген сұрақтардың жауабын kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Биогеоценоз-бұл жерде бетінің белгілі бір жеріндегі біркелкі табиғат құбылыстарының (атмосфера, тау жынысы, өсімдік, жануарлар дүниесінің және микроорганизмдер дүниесінің топырақ және гидрологиялық жағдайларының ) жиынтығы, мұны құраушы компоненттер өзара ерекше байланысты, оларға тән өзара зат алмасу және энергия алмасу түрі болады және бұл табиғаттың басқа құбылыстарымен де байланысты.

Бұл жиынтық үнемі қозғалыстағы, дамудағы диалектикалық бірліктің ішкі қарама-қарсылығы түрінде болады. Тіршілік үшін күрес түсінігіне Дарвин организмнің қоршаған абиотикалық та, биотикалық та факторлармен арақатынасын кіргізеді. Организмдер арасындағы қатынасты түрішілік және түраралық деп бөлуге болады. Дарвин тіршілік үшін күрестің айқындылығын табиғатты бағдарлап қана қоймай, эксперимент арқылы да көрді және дәлелдеді. Мысалы, бір тәжірибесінде ол өсімдіктер шыдамдылығының температураға байланыстылығын көрсетті.

Бұршақтардың 390 көшетінен кейін түнгім суықтан кейін 12-сі ғана тірі қалғанын көрді. 4 күн өткеннен кейін қайта болған түнгі суықтан кейін ол қалған 12-нен 3-еуі ғана аман қалды. Табиғатта пайдалы белгісі бар организмдердің тірі қалуы және ұрпақ қалдырып өркендеу мүмкіндігі мол болады. Бұған керісінше, қандай да болса организмге зиянды өзгеріс, оның тіршілігіне теріс ықпал етеді, ондай өзгерісті особьтар ең алдымен құрып кетеді (элиминация) немесе өсіп-өне алмайды.
Элиминация ортаның әртүрлі факторларына байланысты.Табиғатта мұндай процесс болатынына бақылау фактылары дәлел болады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий