0 комментариев

Жасуша дегеніміз не және оны қандай ғылым зерттейді. Жасушаларды алғаш көрген адам кім деген сұрақтардың жауабын kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Жасуша – өсімдіктер мен жануарлар организмінің ең кішкентай құрылымдық бірлігі. Жасуша грек тілінен аударғанда «hitos» – қуыс дегенді білдіреді.   Жасуша – әрбір организмде, адамда, өсімдіктерде, жануарларда бар. Организм біржасушалы және көпжасушалы болады. Жасуша – құралсыз көзге көрінбейтін, өте кішкентай құрылымдық бірлік. Алайда өсімдіктер әлемінің жекелеген өкілдерінің жасушалары әлдеқайда анық көрінеді.

Цитология – жасуша туралы ғылым.

Жасушаларды алғаш көрген адам ағылшын
жаратылыстанушысы әрі өнертапқыш Роберт Гук (1635 – 1703) болды.
«Micrographia» (1665) кітабында Гук өзінің жасушаны ашу тарихын былайша сипаттайды. «Мен ашық түсті жақсы бір тығынды алып, өткір шаппалы пышақпен оның бір кішкентай бөлігін кесіп алдым, ол теп-тегіс жылтыр бет еді… Дәл сол шаппалы пышақпен мен тығынның тегіс бетінен өте жұқа тілімін кесіп алдым. Бұл аппақ тығынды мен қара түсті шынының үстіне қойдым. Сосын оның үстінен жазықтау дөңес шыны линзаның көмегімен жарық түсіре отырып, оның араның балауызы тәрізді саңылаулар мен тесіктерге толы екендігін анық көрдім… Мен әртүрлі қатарлардағы тесіктерді санап ем, шамамен 50–60 қатар болды. Бұл ұсақ жасушалардың 1/18 дюйм аралықта немесе 1 текше дюйм да 1259 миллионы орналасқанын анықтадым. Егер микроскоп дәлелдеп бермегенде, бұған сену мүмкін емес еді. Мен кез келген ағаш өзегінің, басқа да түрлі өсімдіктердің, мысалы, аскөктің, сәбіздің, шалқанның және т.б. қуыс сабағының ішкі тіні немесе өзегінің көбінесе дәл осыған ұқсас, тығыннан көрсеткендей тіні болатынын анықтадым».

Өсімдіктегі жасушалардың саны шамадан тыс, өте көп. Ағаштың бір жапырағының өзінде 100 миллионнан астам жасуша бар.

Өсімдіктің көптеген жасушаларының өлшемі 0,01-0,1 мм шегінде өзгеріп тұрады, бірақ кейбір жасушаның өлшемі үлкен болады. Мысалы, апельсиннің ішкі жұмсақ бөлігінің жасушалары құралсыз көзге көрініп тұрады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий