0 комментариев

Әлихан Бөкейханов – ормантанушы ғалым, экономист.   Ол қазақтын мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қойған бірегей ғалым. Тұңғыш Абайтанушы. Көркем аудармашы. Әлихан Бөкейхан қазақ және орыс тілдерінде қатар жазған публицист. Сегіз қырлы, бір сырлы бабамыздың әр бір игерген мамандығына толығымен тоқталып тағы да қызықты, тың ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

 

Ә.Н.Бөкейхан 1870 жылы кешегі Семей облысы, Қарқаралы үезінде, Тоқырауын облысы, Тоқырауын өзені бойындағы нөмірі 7-ші ауылда дүниеге келген. Бұл қазіргі Жезқазған облысы, Ақторғай ауданына қараған Қаратал совхозының жері (1992 жылы Ақторғай аудандық кенесінің шешімімен Ә.Н.Бөкейхан есімі берілді.
Әлихан ата-тегі Шыңғыс ханнан бері келе жатқан төре тұқымынан, Бөкейханнан тарайды. Көкжал Барақханның баласы Бөкейхан қазақтың таққа отырған соңғы хандарының бірі.

Бөкейханның бес әйелінен он бір ұлы болған . Он бір ұлдың бірі — Әлиханның арғы бабасы Батыр. Батырдан Рүстем, Әшімтай, Мырзатай туды. Мырзатайдан Нұрмұхамед ( Әлиханның әкесі елдегі аты Мұқан), Коске, Шолақ, Әптіхан, Нұрмұхамедтен Әлихан, Смахан, Базылхан, Әзілхан, Тәтіхан, деген бес ұл мен Нұрбек атты бір қыз туады. Әлихан тұнғышы.

Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі 1879 жылы Қарқаралыға алып барып, жіргілікті молданың қолына оқуға береді. Әзіханұлы Райымхан ақсақалдың айтуынша, көзі ашық, көкірегі ояу Әлихан молданың оқуын қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныптық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып кетеді. Бұл әрекетін бір келгенінде естіп білген Нұрмұхамет қарсылық білдірмейді, ақ батасын береді. Бастауыш мектепті бітіргеннен кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түседі. Училищені ойдағыдай бітіргеннен кейін Қарқаралы үезі бастығы оған «Бұл куәліктің иесі Қарқаралы үезі Тоқырауын облысы сұлтанның баласы, мұсылман, он алты жастағы Ңұрмұхамедұлы Әлихан, Қарқаралы қаласының қазақ балаларына арналған мектепке 1879 жылдың 16 қыркүйегінен 1886 жылдың 16 маусымына дейін тәрбиеніп, оқу барысында үлгілі тәртіп танытты.

Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесінде1886 жылдың маусымында болған соңғы сынақтан (емтиханнан) өткенен соң, халалық училище курсының сабақтарын «өте жақсы» деген бағамен бітірді делінген аттестат алды…Қазақ мектебінде оқып жүріп ол, Нұрхамедұлы, етікші мамандығын меңгеріп алды және бұл кәсіппен өз бетінше шұғылдануына ерікті » -делінген куәлік береді. Бұл куәлік 16 жастағы Әлиханға Омбыға жүрер алдында берілсе керек. 1886 жылы ол Омбыға келіп, жергілікті 4жылдық техникалық училищеге «пасионер» болып қабылданады.

Омбының техникалық училищесі ( ОТУ ) 1882 жылы Ресейимператорының жарлығымен ашылған. Училище жаңа салына астаған Сібір темір жолы таробына арнап төменгі техникалық мамандар даярлауға тиісті болатын. Біраз балалар училищенің емтихандарынан өте алмай қайтып кетіп жатқан 10 жыл ішінде мамандық алып шыққан 70түлектің ( кейінгі жылдары училище құлдырап кеткен )14% дворян балалары 3%- дін басылары, 59%-қала тұрғындары және 24% шаруа балары екен. Ал училищенің мақсаты мен білім дірежесін ОТУ –дың көп жылғы директоры – Н. Е. Доброхотовтың 1886 жылы тұңғыш түлектері алдында сөйлеген сөзінен аңғаруға болады.

Әлихан Бөкейхан –ормантанушы ғалым, экономист. Ол қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, шаруашылығын, төрт түлік малын, жер-суын, қысқасы, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жан-жақты зерттеген санаулы ғалымдардың бірі. Санк-Петербургтан  Орман институтын орман экономисі мамандығымен бітіреді де,1894жылы Омбы қаласына қайта оралады. Оралған бойда алдымен төменгі дәрежедегі орман мектебіне қабылданып, екі жылдай өз мамандығы бойынша дәріс оқиды. 1896 жылдан бастап Әлекең ғылыми жұмыстарға көңіл бөледі.

Әлихан Бөкейхан-  қазақтың мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қойған бірегей ғалым. «Шербина экспедициясынан » кейін 1903 жылы С.П.Швецов бастаған Сібір темір жолы бойында орналасқан Челябі мен Том қалалары аралығын мекендеген қазақтардың мал шаруашылығың зертеуге бағытталған экономикалық экспедицясының басы –қасында болды. Экспедиця Сібір темір жол басқармасының тапсырмасы мен қаржысына жүргізілгенді. Әлекен өзіне экспедиця жүктеген мақсатқа сай, қазақтың қой және қой шаруашылығының егжей-тегжейін терең зерттейді. Сол өңірдегі қой шаруашылығымен қоса ол бүкіл қазақ даласының түпкір-түпкіріндегі, атап айтсақ, Жетісу, Сырдария бойындағы қазақтардың қой тұқымдарын, шаруашылықтарын түгел қамтып, бір-бірімен салыстыра отырып қарастырады соның нәтижесінде Әлихан қазақтың қой тұқымдары және қазақтың қой шаруашылығы жайында бұрын соңды болмаған үздік монография жазды. Монографияда қазақы қойдың түрлі тұқымдары туралы, жем азығы, жайылымы, малдың түрлі ауруларымен емдеу әдістері жайында, қысқасы , қазақтың қой шаруашылығына қажетті алуан түрлі мәліметтер берілген. Бұл еңбек экспедициясының басқа материалдармен бірге «Материалы по экономическому обследованию районов Сибирской железной дороги » деген үш бөлімнен тұратын кітап болып 1904ж Том қаласынан басылып шығады.

Әлихан Бөкейханның тұңғыш зерттеуі – «Женщина по Киргизкой былине» «Қобланды» атты көлемді мақаласы Ташкентте Түркістан генерал –губернаторлығы жанынан шығып тұрған « Түркістан уаляаты» газетінің 1899ж   9, 20 мамыр және 3 маусым күнгі сандарында жарияланды. Зерттеуіне ол қазақтың жалпы ауыз әдебиеті шығармаларына шолу жасап, оларға академиялық сипаттама берді.  Әлекең «Қазақтың 1915ж 120 санды жарық көрген «Роман бәйгесі» атты мақаласында «Міржақып романы « Бақытсыз Жамал» кішкентай ғана кітап. Мен мұны «Қазаққа» сын жазбақ болып алып едім. ..»- деп жазды.

Әлихан Бөкейхан – тұңғыш Абайтанушы. Абай Құнанбайұлының шығармашылығын жаңа заманның тынысы, лебі деп түсінді, қалыптасып келе жатқан қазақтың жаңа ұлттық әдебиетінің бастамасы деп бағалады ол. Сондықтан да Абайдың қалдырған мұрасын жинап халқына тезірек танытуға, таратуға асықты. Абайдың есімі мен шығармашылығын орыс қауымына алғаш рет паш еткен де Әлихан болатын.

1906ж 9 қаңтарында жазықсыздан – жазықсыз тұтқындап Павлодар түрмесіне жапқан кезде, Әлиханның портфелінен Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздерінің қол жазбалары табылған.
Ә. Бөкейхан- көркем аудармашы. Әлиханның кейінгі ұрпаққа қалдырған әдеби мұрасының ең көлемдісі – көркем аударма. Аудармаларының ішінде орыстың классик жазушылары Л.Н. Толстой, П. Чехов. В. Г. Короленко, Д.М. Мамин- Сибиряк сияқты жазушылармен қатар, Еуропаның өркениетті елдерінің қаламгерлері, мысалға Ги де Мопассан әңгімелері, сондай-ақ, үнді, түрік тектес Қырым халықтарының әдеби шығармалары және Антика дәуірінің әдеби туындылары ұшырасады. Көлемі жағынан Ілекеңнің аудармалары әр қилы  қысқа- қысқа мысал ( Толстой мен Эзоп шығармалары) , әңгімелері, көлемді повестер, романдарға дейін кездеседі. Оқу ағарту мен ғылымның сан салаларын қамтитын мектеп оқулықтарының аудармалары тағы бар.

Әлихан Бөкейхан көркем аудармаларының басым көпшілігі 20-30жж аралығында , яғни 1922-1927жж дейін КСРО Халықтарының Ордалық баспасындағы Қазақ секциясын әдеби қызметкері болып қызмет етіп жүрген кезінде аударғаны байқалады.

Әлихан Бөкейхан қазақ және орыс тілдерінде қатар жазған публицист. Оның қаламынан шыққан мақалалар Ресей астанасының «Сибирские вопросы », «Биржевые ведомости », «Новая жизнь» секілді газет-журналдарынан бастап, патша үкіметінің қас көзі Жандармерияның қуғын-сүргіні салдарынан көшіп-қонып жүріп Омбы, Самара, Орынбор, Семей, Мәскеу сияқты қалалардың мерзімді басылымдарынан жиі көрініп тұрған. Қазақ тіліндегі тұңғыш мақаласы 1900 жылы « Дала уалаяты газетінен » көрінеді. Кейін келе татардың «Фікір », «Уақыт»; қазақтың «Серке », « Қазақстан » газетері мен « Айқап » журналы беттерінен оның мақалаларының ұшырастыруға болатынды. Халықтың сана-сезімі мен ұлттық мәдиниетін көтерудегі баспасөздің орасан зор маңызын бағалай білген Әлихан Бөкейхан, қазақтың тұңғыш басылымы « Дала уалаятының газеті » жабылып қалған соң, қазақ тілінде газет басуды ұйымдастыруға жан салады. 1905 жылы Мәскеуде өткен орыстың «жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері » съезіне 5 миллионға жуық қазақ халқының атынан өкіл болып барып, съезідің Романов үйінде өткен мәжілісінде жасаған баян дамасында ол былай дейінді: « У нас также преследуется школа с казахским языком, нас тоже давит цензура. Вот уже 13 месяцев, например, не могу добиться от цензуры разрешения на издание киргизского перевода 46-ти басен И. Крылова. Крестьянские начальники (большей частью бывшие ротмистры) не допускают при рассмотрении дел казахского ». Ал астаналық «Новая жизнь » газеті 1906 жылдың күзінде «В период 17 октября и после А.Буукейхан собирался издавать газету на киргизском языке и уехал в степь…»-деп хабарлайды. Омбы, Семей, Орынбордағы патша чиновниктері кабинеттерінің табалдырығын тоздырып, ортаға астанадағы талай беделді саяси-қоғам қайраткерлерін салып, аяғында рұқсат алады.

1913 жылдың ақпанында тұңғыш саны жарыққа шыққан «Қазақ » газеті соның бірден-бір жемісі еді.  Ахмет Байтұрсынұлы редакторлық еткен бұл газеттің бүкіл қазақ зиялыларының басын біріктіріп, халық үшін атқарған қызметін ерекше бағалау орынды. Ағылшын ғалымдарының «…наиболее существенная из всех дореволюционных казахских изданий, газета «Қазах » появилась в Оренбурге в феврале 1913 года… «Казак»  тиражом более 8 тысячи экземпляров… Все важнейшие казахские лидеры фигурировали среди ее сотрудников, включая Магжана Жумабаева, Мир-Якуба Дулатова, Халела  Досмухаметова и многих. Именно здесь А. Байтұрсын и другие издавали свои исследования по истории казахской литературы, фольклору и лингвистике. В целом, газета «Казах » достигла очень высокого научного уровня »-деп бағалаған осы газетте Әлихан Бөкейханның 250-ден аса мақалалары, ғылыми зерттеулері, аудармалары жарық көрді. Ә.Н. Бөкейханың саяси, қоғамдық, мемлекеттік қызметтері қай дәрежеде болды? Соңғы жылдары Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның осы қамдық-саяси қайраткерлігі жайында М.Қойгелдиев, Х.Әбішев, Б.Қойшыбаев және тағы басқалардың бірталай үлкенді-кішілі мақалалары жарияланды. Ол мақалалар әлі де болса, бүкіл Ресей империясының еуропалық деңгейіндегі саяси-қоғам, мемлекет қайраткерлерінің назарын өзіне аударған Әлихандай алып тұлғаны жан-жақты таныта алмайды. Оның атқарған ісі, кейінгі ұрпаққа қалдырған аманат-мұрасы ұзақ жылдар бойы терең, әрі жан-жақты жинастырып, қарастыруды талап етіп мол дүние.

Ағылшын зерттеушілері «Бөкейхан жас күнінде орнықты революционер және социалист», -деп жазса, -«Студенттік кездері ол барлық студенттік қозғалыстаға белсенді түрде араласып, әрқашанда әсіре солшылдарға ілесетін. Әлиханның Ресей империясы қоғамдық , мемлекеттік құрылымына деген өзіндік көзқарасы Санкт- Петербордың маман институты студенті кезінде қалыптасқан. Оқуын бітіріп 1894ж Омбыға марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси асыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, саяси қоғамдық көзқарасы орнықты, күрес- тартыстан белгілі тәжірибесі бар саяси күрескер ретінде қайта оралды. Омбыға оралған бетте қаланың прогрессивті, демократия бағыттағы зиялыларымен, саяси жер аударылғандармен тез тіл табысып, тығыз қарым-қатынаста болады. Әлихан Бөкейхан шамамен 1900жж «Халық бостандығы» партиясы қатарына да өтеді. Өзі осы партияның қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында шағын топ ұйымдастырады.

1916ж Әлихан Бөкейхан Самардан жер аудару мерзімі аяқталып, Орынборға келеді. Омбыға оралуға рұқсат берілмейді. Орынборға келе сала, қаланың қоғамдық, саяси өміріне кірісіп кетеді. Сол жылы қаланың исі қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға главный болып сайланып та үлгереді. Келесі жылы ақпан төңкерісінен ол үлкен үміт күткен. Үміті ақталмады. Сөйтіп, қазақтан сайланған топ өкілге бас болып, ол Том қаласында өткен Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Съезде қазақ халқының арманы орындалғандай болып болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ автаномиясы құрылмақ болып шешіледі. Томнан Орынборға оралған бете ол қазақтың тарихында тұңғыш саяси ұйым – Алаш партиясын ұйымдастыруға кірісіп кетеді. Артынша, 1917ж желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Қазақ автаномиясы  жарияланып, өзі бірауыздан тұңғыш Қазақ автаномиялы республикасының төрағасы болып сайланады. Бұл- қазақ халқының тарихында алтын әріппен жазылған сәт.1917ж желтоқсанында жарияланса, қазақтың автономиясы мәселесін тұңғыш көтеріп, оны өзі іске асырған Әлихан Бөкейхан.

Бірақ , Кеңес өкіметі орнағаннан кейін, 1919-20жж жаңа үкіметтің белгілі жарлығы шығып Алаш партиясының көсемдері мен саяси белсенділеріне «кешірім» жасалып, большевиктік қызметтерге жіберіле бастайды. Өзі «Жалпы Сібір съезі» атты мақаласында «найзаның ұшымен, айбалтаның жүзімен болған үкімет» — деп сипаттаған большивиктерге қызмет етуден бас тартты. Осы «оппозициялық» қылығы үшін 1920-1922жж оған « буржуазиялық ұлтшыл» деген айдар тағылып, тергеулер жүргізіліп, айлап абақтыда отырады. Сөйтіп, 1922ж күзде Әлекең Мәскеуге жер аударылады.

Әлихан Бөкейхан жаңа үкіметке қызмет етуден бас тартқанмен, Алашына қызмет етуді борышым деп санайды. Алыс Мәскеуде отырып, елінен хабар үзбейді. Қайта, жат елде жүрсе де елінің ақын- жазушыларының, зиялыларының басын біріктіріп, халқының өнерін, мәдениетін, әдебиетін өркендету жолында еңбек етеді.1923ж Мәскеуге жұмыспен кеген Ахмет, Мағжан, Міржақыптармен бірігіп, қазақ зиялыларының «Алқа» атаулы ұйымын ұйымдастырып, бағдарламасын жасайды.

1927ж Әлекеңнің белсенді қызмет атқарған соңғы жылы. Себебі, осы жылдың 1 қазанында оны Орталық Баспадағы әдеби қызметкері жұмысынан «ввиду общего сокращение штатов» деген жалған сылтаумен босатып жібереді. Басқа жұмысқа алынбайды. Оның жарық көрген соңғы мақалалары, зерттеулері, аудармалары да осы жылға келіп тіреледі. 1922 ж кіндік қаны тамған жерінен алыстатылып, күнделікті нанын тауып жеуге мүмкіндік бермейді. Жоғарғы оқу орнында оқып жүрген ұлы Үкітай-Сергей мен немересі Ескендірді Әлекең айлық жалақысымен, мақалалары үшін алатын қаламақысымен асыраған Елінен Ахаң, Міржақып, Мағжандар қаржы жағынан көмек көрсетіп тұрғандары мәлім. Большивиктер оны Мәскеуден тыс шығармай, 10 жыл бойы -1927ж 1 қазанынан 1937ж тамызына дейін пәтерінде қамап ұстайды. Дегенмен де, большевиктердің көсемі В.И. Лениннің жақын серіктерінің бірі В.Д. Бонч — Бруевич Мәскеуде « Орталық көркем әдебиет, сын және көркемсаз мұражайы» ұйымдастырылып жатқандығын хабарлап Әлихан Бөкейханға Л.К. Чермактың сілтеуімен хат жазып, мұражайдың әдеби және т.б. қорларын жинастыруға қол ұшын беруді өтінеді. Хат 1934ж 27 қаңтарында жіберілген. Шындығынды, Әлекеңнің қолында қазақтың Хандық дәуірінің көрінісі – үш жүздің хан- сұлтан – билерінің хат-қағаздары, төл-құжаттары, қысқасын айтқанда – баға жетпес тарихи мәліметтер, оған қоса өзі бүкіл ғұмырын сарп етіп зерттеген қазақтың жер суы, тарихи, мәдениеттері , әдебиеті туралы еңбектері , жарыққа шықпаған қол жазбалары болса керек. Әлекеңнің көп жылғы досы әрі Қарқаралы уезін бірге зерттеген қызметтесі Л.К. Чермактың сілтеуімен жазылған В.Д. Бонч – Бруевич хатының сыры міне осында болатын.

1937ж тамызында тұтқындалып, Бутыр түрмесіне жабылған кезінде, Әлекеңнің осы бай мұрасы компескеленіп, із-түссіз жоғалады. Ал 1937 ж 27 қыркүйегінде КСРО Жоғары Сатының Әскері Коллегиясы « возглавлял контреволюцинную борьбу против Советской власти, …установил связи с руководителями террористичекого центра в Казахстане и в Москве» — деген жалған айыппен қазақтың ұлт- азаттық қозғалысының негізін қалаған аса көрнекті қоғам және мемлекеттік қайраткері, ғұлама ғалым Әлихан Бөкейханды елінен тыс жерде –Мәскеуде өлім жазасына кесілсін деген үкім шығарды. Үкім сол күні –ақ – 1937ж 27 қыркүйегінде жүзеге асырылды.

Сөйтіп, жаңа үкімет Алты Алаштың көсемі Әлиханды өлімге кесе отырып, қазақ халқының ұлттық, ұлт-азаттық қозғалысының күре тамырын шауып тұн шықтырмақ болды. Қазақтың ұлттық намысын, сана – сезімін аяққа таптамақ ниетін танытты. Бірақ….1937ж қыркүйегінде өшкендей болған ол үн 1986ж желтоқсанында бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп, Кеңес империясының бытырап тарауына бірден- бір себеп, түрткі болады

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий