0 комментариев

Міржақып Дұлатұлы қазақ үшін тер төккен – халқымыздың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.  Міржақып Дулатұлының өмірімен қызметтік жолы және қандай  мақалалар жазғандығын kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Туған жері — Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipri Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты “Қызбел” ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.

1907 жылы 3 шілде де Патша жарлығымен қазақтар мен Сібір және Орта Азияның тұрғылықты елдері Ресей Мемлекеттік Думасына қатысу құқығынан айырылды. Бұл шешім ұлттың өзін-өзі басқару мүмкіншілігін бұзып жойған. М.Дулатұлы өзінің «3 шілде заңы» атты мақаласында бұл шешім әділетсіз деп сынға алған. «Егер де қазақтардың мәселелерін шешу барысында қазақтардан шыққан депутаттар қатыспаса, ұсыныс жасайтын депутаттар қаншама білімді әрі шешен болғанымен мәселені шешетін тоқтам болмас», – деп жазған.

«Біздің міндетіміз» атты мақаласында М. Дулатұлы Ресейде қазақтар құқықсыз халық екендігін жазған. «Жиналған салық елдің пайдасына қолданылмайды. Қазақ халқының үстінен қарайтын министрлер, стражниктер, урядниктер ұлықтылығы байқалады. Осы шенеуніктер, урядниктар қазақтарды қорлайды, оларды тонайды, білгенін істейді. Олар біздің дінімізге мазақ қылып, кітаптарымызға тиым салып, тәркілейді. Бұл шенеуліктер қазақтың жеріне мұжықтың аударуын бастап, сулы және құнарлы жерлерді «кесіп алды». Олар құқықсыз қазақ ие болған барлық нәрселерін алуға дайын. Шаруалардың айдалуы не үшін құрылды? Құнарлы жерлер аз емес, бірақ олардың барлығы байлардың қолында. Кедейлердің сол жерді сатып алуға мүмкіншілігі жетпейді. Жерсіз жүрген шаруалардан құтылу үшін әртүрлі министрлер, тәкаппар шенеуніктер, генералдар оларды қазақ даласына айдайды. Соның нәтижесінде бұл жерлер бай қазақтармен ауғандардың қолына түседі».

1910 жылы М. Дулатұлы жазған «Бақытсыз Жамал» кітабы қазақ тілінде жазылған алғашқы роман болып есептелінеді. Сонымен қатар, бұл роман бәлкім тең құқықсыз әйелдердің жағдайын хабарлайтын мұсылман шығысындағы әдебиет шығармаларының бірінші шығармасы болуы әбден мүмкін.

«Оян, қазақ» өлеңдер жинағы алғашқы рет 1909 жылы жарық көрген. Бұл жинақ бірден таралып, 1911 жылы қайта шығарылған. Кітаптың тақырыпаты ХХ ғасырдың замандас зиялыларына манифест болған. 1911 жылы «Оян, қазақ» жинағы, автордың айтуы бойынша, баспасөз істері басқармасы тәркілеген.

Міржақып Дулатұлы ғылым және техника жетістіктері туралы зор қуанышпен жазатын: «Жылқы арқылы 6 ай алатын жолды қысқа уақытта темір жол арқылы өтуге болады. Телеграф арқылы сен көзіңді ашып жұмғанша жер шарының екінші бетіндегі хабарды қабылдайсың. Көлік өзі жүреді, жылқысыз, оны қолыңмен жүргізесің. Ғылым адамзат көмегіне су мен отты берген, үлкен арақашықтықта телефон арқылы сөйлесу мүмкіншілікті берген. Мұхитты жер секілді қолданып, бұрыңғы ыңғайсыз нәрселерді жойдырған. Ауада ұшу мен керек болса жерге түсу құралы табылған, оның аты – әуе шары. Ел бұрын сондай ғажапты көрген бе?».

1916 жылы М. Дулатұлы, А. Байтұрсынұлы және Әлихан Бөкейхан қазақтарды майдандағы жұмысқа шақыру туралы 25 маусымдағы Патша жарлығына қарсы сөйлеген. Олардың ойлары бойынша «қоғамның ең өнімді бөлігі айырылғаннан кейін майдандағы жұмыс онсыз да қырылуға жақын халықты шынайы ашаршылыққа жеткізе алады».

1929 жылы тергеу уақытында Міржақып: «Біз біздің отанымыз бізге ие болғанын қалаймыз» деп жауап қайтарған. Өзінің ресми соңғы сөзінде ол: «Өз елімнің болашағы үшін мен барлық мүмкіншілікті қолдауым қажет. Егер де мен қателессем, елмен бірге қателесем. Ерте ме, кеш пе ақиқат үстем болып шығады» деп мәлімдеді. М. Дулатұлы өлім жазасына кесілді, бірақ жақын арада оның өлім жазасын бас бостандықты 10 жылға айырылу жазасына ауыстырды.

Соловецкий лагеріне айдалып, сонда жүргенде М.Дулатұлы түркі-орыс сөздігін жазған. Міржақып бұл тіл оқу құралын мыңдаған қазақ, қырғыз және де басқа түркі-тілдес елдер өкілдері үшін жазып берген. Арестанттар оны өз қолымен көшіріп жазып таратқан, өйткені олардың көбісі сол уақыттағы өмірлік маңызы бар орыс тілді білмеген. «Азербайжандар, татарлар, қазақтар, башқұрттар, өзбектердің орыс тілін меңгеруі өте төмен дәрежеде болған. Міржақып орташаландырылған түрік-орыс сөздігін жазған. Соған ол арестанттардың өмірін жеңілдету үшін қылмыстық терминологияны енгізген» – дейді міржақыптанушы Марат Әбсеметұлы.

Соловковта Міржақып Дулатұлы қазақ мектептеріне арналған геометрия оқулығын жазған. Ал өзінің емшілік қасиеттерін көрген соң, аса табысты нәтижелермен қамалғандарды емдеген. Франциядан сауда кемесі Соловковқа келген уақытта Мұстафа Шоқай Дулатұлының Соловковтан қаштыруын ұйымдастыруға үлес қосқанына қарамастан, Міржақып жанұясының тағдырынан сескенгендігінен қашуға бармады. 1935 жылы қазанның 5 күні Міржақып Дулатұлы Сосновецкий лагерінінің орталық лазаретінде дүние салды

 

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий