0 комментариев

Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайы туралы ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Қазақстан, Қазақстан Республикасы (орыс. Казахстан, Республика Казахстан; қысқартылған атауы — ҚР) — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-ыншы орын алады (2 724 900 км²). Батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс-Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан – ең үлкені.
Бес мемлекетпен көршілес, солтүстігінде Ресеймен — 6 467 км, оңтүстігінде — Түрікменстан — 380 км, Өзбекстан — 2 300 км және Қырғызстан — 980 км, ал шығысында — Қытаймен — 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13392,6 км[1]. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстікте Арал теңізімен шайылады.
Қазақстан Республикасының аумағы Еділ өзені алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін, Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Тянь-Шань тауына дейін созылып жатыр. Аумағының 10%-ы биік таулы өңірлер, қалған бөлігі ойпат, жазық, үстірт, қырат жерлер. Қазақстанның ең биік жері – Хантәңірі шыңы (6995 м). Ол Тянь-Шань тау жүйесінде орналасқан. Каспий теңізінің шығыс жағалауында елдің ең төмен жері Қарақия (Қаракие) ойысы теңіз деңгейінен 132 м төмен орналасқан.
Қазақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан жер шарындағы ең бай аймақтардың бірі саналады. Қазақстанда 200-дей мұнай және газ орындары анықталған. Оның негізгі бөлігі (80%-ы) Каспий маңында шоғырланған. Республикада 200-ге жуық көмір кен орындары барланған. Ең ірі көмірлі алаптар Орталық Қазақстанда орналасқан. Қазақстанда қара металл кентастарының бір мыңнан аса орны табылған. Олар республиканың барлық жерінде дерлік кездеседі. Елімізде түсті металдардың ірі базасы қалыптасқан. Олардың ішінде жетекші орынды мырыш, қорғасын, мыс кендері алады. Олар, негізінен, Шығыс Қазақстан мен Орталық Қазақстанда шоғырланған. Қазақстан сирек кездесетін металдарға бай өлке. Елімізде алтын мен күміс өндіру ежелден жолға қойылған. Нақтыланған алтын қоры жағынан Қазақстан әлемдегі жетекші ондыққа кіреді және күміс өндіру көлемі бойынша Азияда 1-орын алады. Елімізде 100-ден астам барланған уран кендері бар.

Республика шикізат ресурстарына бай. Қазба байлықтарында іс жүзінде Менделеев кестесіндегі барлық элементтер кездеседі. Қазақстанда 155 кен орны, тас көмір мен қоңыр көмір, жанғыш тақтатас шығарылатын 102 орны бар. Мұнай мен газ қоры орасан зор. Каспий ойпатында Орталық Азиядағы ең ірі Теңіз мұнай кен орны орналасқан.

Экономикалық даму Қазақстанды бес ірі экономикалық-географиялық аймаққа бµлуге негіз болды.

Батыс Қазақстан экономикалық аймағы мұнай-газ өндіру, өңдеу, мұнай-химия, металлургия, балық өнеркәсібі мен мал шаруашылығына маманданушы аймақ ретінде қалыптасты.

Оңтүстік Қазақстан экономикалық аймаѓы түсті металлургияға, химия және цемент өнеркәсібіне, суармалы егіншілікке, жүзім өсіру мен қаракөл қой шаруашылығына маманданған.

Орталық Қазақстан экономикалық аймағы көмір мен темір кендерін және басқа да кен байлықтар өндірумен, дамыған металлургия өнеркәсібімен, қуатты отын-энергетика кешенімен ерекшеленеді.

Солтүстік Қазақстан аграрлық-индустриялық аймағында астық, сүт және ет өндірумен қатар, машина жасау, кен өндіру мен кен байыту өнеркәсібі, электр энергиясын өндіру дамытылған.

Шығыс Қазақстан экономикалық аймағы түсті металлургия, машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыған орталық болып табылады.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий