0 комментариев

Үйдегі әдемілік пен сұлулық және бөлменің ішін таза ауамен қамтамасыз ететін бұл әрине үйде өсетін гүлдер. Оның қандай температурада және бөлменің іші қаншалықты жарық  болуы керек ?Үй жағдайында гүлдердің әдемі әрі тез өсуі үшін не істеу керек деген сұрақтардың жауабын  kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Гүлдің жайқалып өсуі үшін оны қалай суаруды да білген жөн. Әдетте үй өсімдіктерін өсірушілер оған суды көп құяды, соның салдарынан тамыры шіриді. Судың температурасы бөлме температурасына шамалас немесе одан 5-7 градус жоғары болуы керек. Өсімдікке су құйғанда топырақтың түйіршіктері жібіп, су ыдыстың түбіне ағуы тиіс.

Тығыз топыраққа отырғызылған өсімдіктің аққан суы сол бойда, ал жеңіл топырақтың артық суын 30 минуттан немесе 1 сағаттан кейін төгіп тастайды. Кейбір ылғал сүйетін өсімдіктердің табандығында үнемі су жатқаны дұрыс. Өсімдіктерді әсіресе күн ыстықта бүркіп суару қажет. Өсімдіктердің аптасына бір рет жапырақтарын жұмсақ матамен немесе мақтамен жуып отырады, өйткені жапырақтың көздерін шаң басып, ауруға тез шалдығады.

Гүл өсіру үшін металл не сырланған ыдыстарды пайдалануға болмайды. Кактустар мен басқа сукуленттерді өсіру үшін пластмассадан жасалған ыдыстарды пайдалануға болады. Өсімдіктің ауруға шалдығуын болдырмау үшін алдымен ыдысты ыстық сумен мұқият жуады, содан кейін дезинфекциялау керек.. Үй өсімдіктерін бөлменің кез-келген жеріне қоя салмай, олардың жақсы өсуі үшін қандай күтім қажет екендігін біліп алған жөн.Кейбір гүлдер жылылықты сүйетін болса, кейбіреуі жарық сүйгіш болып келеді.

Мысалы, кактустар, сабақтарында ылғал сақтайтындар (суккуленттер) – сүттіген, сенецио, стапелия, литопса, фаукария, толстянка, каланхоэ, очитка, агава, сансевиерия, зониум сияқты өсімдіктер жарықтың түскенін қалайды. Сол арқылы ғана олар жақсы өседі. Сондай өсімдіктердің бірі гүл өсірушілердің айтуынша, аспарагус, бегония, глоксиния, севполия, фуксия, зухарис, пенеромия жарық сүйгіш ғана емес, жарықтың шашырап түсуін қажет етеді. Жылылықты жақсы көретін өсімдік түрлері де бар. Оған бегония, пеперомия, ароид тұқымдас өсімдіктер (антуриумдер, аг-лаонемдер, диффенбахия, сингониум), кордилиндер, дроцендер, бромелия, геснерия тұқымдастар жатады. Бұлар қыста жақсы өседі, ал температура режимі бұзылған жағдайда өсімдіктер сарғайып, жапырақтары түсіп қалуы әбден мүмкін.

Қандай өсімдік болмасын өзіне қолайлы топырақ арқылы құнарланады. Сол себепті барлық үй өсімдіктеріне бірдей топырақты пайдаланбайды. қорда, қарашірік, шым тезек, шым және құм араласқан топырақ, сазды топырақ, көң тәрізді топырақтар үй өсімдіктеріне аса қажет. Сондықтан, топырақ таңдарда мұқия болыңыз! Тек топырақ ғана емес, гүлдің күтімін басты назарға ала жүріңіз. Өйткені, гүлдің де жаны бар.

Изменен статус публикации
Добавить комментарий