0 комментариев

Шамамен 3 жасқа дейін  бала барлық дерлік ақпаратты өзіне сіңіріп алады. Осы кезеңнен кейін мидың жұмысын жақсатру үшін және есте сақтау қабілетін   дамыту керек, ал миды оған қажетті барлық дәрумендермен және микроэлементтермен қаматамасыз ету  қажет. Баланың ақылды, зерек, алғыр үнемі сергек жүруі үшін және есте сақтау қабілеті жақсы болуы үшін   қандай дәрумендер керек екендігін kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Омега-3, бұл маңызды компонентсіз, мидың жұмысы бұзылады.  Ой өрісінің дамуына және естеу сақтау қабілеттілігі төмендейді.

Омега-3 жойылмауы үшін Е дәрумені қажет, оның жеткілікті мөлшері тұқымдарда, жұмыртқаларда, жаңғақтарда болады

Ет, бауыр, жұмыртқа, сүт, дәнді дақылдармен бірге бала В дәрумендерін алады. Олар баланың есте сақтау қабілеті мен назарының шоғырлануына жауап береді.

А дәрумені мидың жұмыс істеуі үшін өте қажет, сіз оны сәбіз, май, бауырдан алуға болады.

Йод балалар үшін де, ересектер үшін де маңызды рөл атқарады. Оның жетіспеушілігі жалпы денсаулыққа, есте сақтау қабілетіне, ақпаратты қабылдау қабілетіне әсер етеді.

Ескере кететін жағдай : Йод жетіспейтін аймақтарда тамақ дайындау үшін йодталған тұзды пайдалану керек.

Магний, темір, мырыш мидың жұмысына белсенді әсер етеді. Кептірілген жемістерді, сүтті, асқабақ тұқымдарын, жержаңғақ, күнжіт тұқымдары, сиыр еті, бұршақ, бұршақты үнемі тұтыну организмге жетіспейтін дәрумендерді  толтыруға көмектеседі.

Баланы тек пайдалы тамақ жеуге мәжбүрлеу мүмкін емес. Бірақ өмірінің алғашқы жылдарында мұндай пайдалы әдетті дамытуға әбден болады.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Егер ата-ана баласына ми қызметі үшін қажетті дәрумендер мен микроэлементтердің жеткіліксіз мөлшерін алады деп ойласа, дәріханалық витаминдік кешендерді өздігінен таңдау болмайды.   Ең алдымен, сіз невропатологпен кеңесуіңіз керек.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий