0 комментариев

Тоңазытқыш (Холодильник) әр түрлі тағамдар сақталатындықтан жағымсыз иістердің пайда болуы мүмкін.

Тоңазытқыштан жағымсыз иіс шыққанда не істеу керек екендігін kyn.kz сайтынан оқып біле аласыз.

Егер тоңазытқыштан жағымсыз иіс шықса, сода ерітіндісіне (1 стакан суға 2 ас қасық) малынған шүберекпен ішін сүрту керек. Әрі шүберекті жарты сағаттай тоңазытқыштың ішіне қалдырса, иіс бірден жоғалады.

Қолданылған шай қалташалары тоңазытқыштағы жағымсыз иістен арылуға көмектеседі. Ол үшін тоңазытқышқа бір немесе бірнеше шай қалташасын салып қойыңыз.

Тағы бір есте ұстайтын жайт – тоңазытқыш бөлме температурасымен бірдей болып жылынғанша жууға кіріспеу керек. Әйтпесе, ол бірден жылы су тигенде жарылып кетуі мүмкін.

Есіктің қуыстарындағы резеңке заттарға да ерекше күтім қажет. Өйткені дәл осы қуыстарға шаң-тозаң көбірек жиналып жатады.  Оларды жуып тұрмаса, істен тез шығып қалады да тоңазытқыш суықты сыртқа шығаратын болады. Жуып біткесін тоңазытқышты біразға дейін ашық күйінде қалдырып, құрғатқан жөн. Тек әбден кепкеннен кейін ғана оны тоққа қосып, пайдалануға болады.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий