0 комментариев

Жүктіліктің ең алғашқы үш айы баланың дамуының ең маңызды процесі. Әрине оны ананың дұрыс тамақтануы, қандай дәрумендер қабылдайтындығы өте маңызды. Жүктіліктің алғашқы үш айында қандай дәрумендер мен қалай тамақтану керектігін kyn.kz сайтынан оқып біле аласыз.

Болашақ ананың басты мәзірі – тамақтың сан алуандығында. Нәресте күтіп жүрген аналар ет, балық, көкеніс пен жеміс-жидек сондай-ақ сүт тағамдарын, нан және жарма өнімдерін белсенді тұтынғаны жөн.

Медицина тілімен айтқанда жүкті әйелдің тамақтану кестесін үш кезеңге бөлуге болады. Жүктіліктің алғашқы кезеңінде іштегі шарананың барлық ағзалары, оның жүйелері, талшықтары қалыптасады. Болашақ ананың ағзасына толыққанды ақуыздар мен дәрумендер керек. Мәселен, майы аз ет (қоян, тауық, күркетауық), балық және теңіз өнімдері, қышқыл сүт өнімдері. Жүктілік кезеіңінде күріш жеу міндетті. Маусымдық жеміс-жидектер, болмаса мұздатылған түрінде жесеңіз де дәрумені сақталады.

Жүктіліктің бірінші кезеңінде көпшілік болашақ аналар жұмыс кестесінің ыңғайына қарай уақтылы тамақтануға көп көңіл бөле алмауы мүмкін. Қандай жағдай болмасын дұрыс тамақтануға уақыт тауып, толыққанды дәруменге бай азық-түлік тұтынуға тырысыңыз! Бұл өзіңіз үшін де, іштегі бала үшін де өте маңызды. Әсіресе таңғы астың атқарар рөлі басым.

Жүктіліктің бірінші триместрінде ағза өзгеше күйге, жаңа күйге бейімделе бастайды. Дәл осы кезеңде ақ халатты мамандар мүмкіндігінше калориясы аз диетаға көшуге кеңес береді. Барынша жеміс-жидек, жаңа сығылған шырын, кептірілген жеміс-жидектен қайнатылған сусын әсіресе итмұрыннан қайнатылған компотты көбірек ішу керектігі айтылады. Бейімделу кезеңінде көпшілік келіншектерді токсикоз мазалауы мүмкін. Токсикозбен күресу үшін сұйықтықты көбірек ішіп, мүмкіндігінше аз-аздан жиі-жиі тамақтанған абзал.

Әркез қалтаңызда гематоген мен қалташа толы жаңғақ немесе кептірілген жемістер жүретін болсын. Бұл – жүрек жалғауға таптырмайтын тағамдар әрі дәруменге бай. Егер ағзаңыз кейбір қалыпты тағамдарды қабылдай алмаса, балаларға арналған тағамдарды жеп көріңіз. Көп жағдайда балалардың тағамы токсикоздан құтылуға көмектеседі. Қораптағы каша, балаларға арналған жеңіл ірімшік, жеміс-жидек езбесі, пішенай т.б.

Алғашқы триместерде азық-түліктің сапасына қатты көңіл бөліңіз. Біртіндеп соус, құрамында химикаты бар жартылай фабрикат өнімдерінен, косервіленген өнімдерден бас тартыңыз. Мүмкіндігінше фолий қышқылына бай тағамдарды тұтынуға әркет жасаңыз. Фолий қышқылы – зат алмасуды жақсы реттейді. Оның жетіспеушілігі баланың дұрыс дамуына кедергі келтіретінін естен шығармаңыз. Әдетте фолий қышқылы аскөк, ақжелкен, жаңғақ, орамжапырақ, брокколи, бұршақ өнімдері мен жұмыртқада бар.

Диетолог мамандардың пікірінше, бірінші кезеңде жүкті әйелдер тұтынатын тағамның рационы 300 калориядан аспаса кем болмауы тиіс. Ал, екінші ртиместрде 340 ккал, үшінші триместрде 452 ккал-дан түсірмеген жөн. Дәл осы қалыпта тамақтансаңыз 80% ағзаға қажетті минерал мен дәрумен ағзаңызға сіңіретініңізге сенімді болсаңыз болады. Бұл әрине әйелдердің салмақ көрсеткішіне де әсер етпей қоймайды, десе де бірінші кезекте іштегі баланың денсаулығын ойлаған әлдеқайда тиімді. Есесіне балпанақтай бала туып, 9 ай бойы күткен үмітіңіз ақталады. Мамандардың пікірінше, жүкті әйелдер 16-20 кг салмақ қосуы тиіс.

Осы кеңестерге құлақ аса отырып баланың және өзіңіздің де денсаулығыңызға айтарлықтай септігін тигізеді.  Жағымсыз әсерлермен және шаршап, әлсіреуге қарағанда белсенді боласыз және организіміңізге де уақытылы керекті дәрумендермен қамтамасыз етесіз.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий