0 комментариев

Жүктіліктің екінші үш айлығы (3-6 ай)кезіне аналар тұтынуы керек дәрумендер мен тағамдар. Осыған қатысты пайдалы кеңестерді kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Жүктіліктің екінші кезеңінде іштегі баланың бойы мен салмағы белсенді түрде өсе бастайды. Осыған сәйкес ананың жатыры да мейілінше үлкейіп, өсе түседі. Осы ерекшеліктерді ескере отырып, тұтынатын тағамның рационын да ұлғайтқан абзал. Мүмкіндігінше жиі-жиі алайда сапалы тағам жеген дұрыс. Осы кезеңде микроэлементтерге деген сұраныс артады: темір, магний, цинк, селен, кальций, калииге бай тағамдар тұтыну керек. Іштегі бала аналық ресурстарды пайдалана отырып, микроэлементтердің «қорын» қалыптастырады. Бұл дегеніңіз – анасы тарапынан екеуіне де жеткілікті дәрумен тұтыну керектігін аңғартады.

Осы кезеңде рационнан кептірілген шұжық және қуырылған тағамдарды әрі тұзы ащы тағамдардан бас тартқан жөн. Ешқашан тұтынатын судың көлемін азайтпаңыз. Таза су – жүкті әйел үшін аса қажет өнім. Күніне 2-2,5 литр су ішкен абзал. Егер суды көп ішсем ісініп кетемін деген ойдан ада болыңыз. Ісікке апаратын сіз тұтынған су емес, тұз болуы мүмкін. Ол – консервіленген өнімдердің құрамындағы тұз, майонез, ірімшік (сыр), шұжық болуы мүмкін. Ал, ағзаға тұздың жетіспеушілігі аса қауіпті емес. Қайта тұздың көп мөлшері зат алмасуды бұзады.

Жүктіліктің екінші кезеңінде тағамның калориясын ұлғайтыңыз. Босануға тың болып аттанасыз. Ет және балық өнімдерін мүмкіндігінше таңертеңнен түске дейін тұтынуға тырысыңыз, ең дұрысы – түскі аста. Ал, кешкі асқа сүзбелі құймақ, бұқтырылған көкеніс, электропешке пісірілген сүзбелі көкеніс тұтынуға әдеттеніңіз. Таза ауаға көбірек серуендеп, физикалық белсенділікті арттырыңыз. Екінші триместрдің соңғы кезеңінде диетологтар жүкті әйелдерге еттен мүлде бас тартуға кеңес береді. Бұл – талшықтардың сер

Мүмкіндігінше тағамның бәрін бірден тұтынбауға тырысыңыз. Мәселен, сорпа және екінші ыстық тағам оған қоысмша десертке арналған тәттіні бірден тұтынбаңыз. Бұл – асқазанды толтырып, балаға жайсыздық тудыруы мүмкін. Ауыр қорытылып, ағзаға баяу таралуына кедергі келтіруі ғажап емес. Мүмкінідігінше жиі-жиі аз-аздан жеңіз. Тамақтанғаннан кейін кемінде 10 минут тынығыңыз. Серуендер алдында тамақтануға бейімделіңіз. Бұл ағзаға өте маңызды процес.

 

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий