0 комментариев

Баланың кіндігіндегі грыжаны емдеу жолы қандай екендігін kyn.kz сайтынан оқып біле аласыз.

Балалардағы кіндік грыжасы – өте жиі кездесетін патология. Сондықтан бұл тақырып көптеген талқылануларға түседі. Балалар хирургы тағайындаған массаж,гимнастикадан басқа, ата аналар грыжаны оқытуға да барады. Кіндік грыжасы – бұл іш бұлшық еттері əлсіздігінен болатын, кіндік тұсындағы бос дөңгелек тесік. Əдетте алғашқы айларда ақ анықталады.

Ата – анасы сəбиінің кіндігі түскеннен кейін, ол жылаған не күшенген кезде кіндігінің сыртқа қарай томпайып тұрғанын байқайды. Бұл кіндік грыжасының бірден бір белгісі. Бұл томпаю ішке оңай қайта енеді, əрі баланы мазаламайды. Кіндік грыжасын педиатр не балалар хирирургы 1 айлық тексеру кезінде анықтап, ем тағайындайды. Көбіне кіндік грыжасы тұқым қуалайды. Ал, кіндікті перзентханада дұрыс кеспегеннен грыжа пайда болады деген пікір мүлдем дұрыс емес, кіндікті кесудің іш бұлшықеттері дамуына еш əсері жоқ. Кіндік грыжасын емдеу:

Кез келген, тіпті үлкен мөлшердегі кіндік грыжалары өздігінен қайтады, тек нəрестеге дұрыс күтім жасау қажет. Нəресте өскен сайын, іш бұлшық еттері қатайып, кіндік айналасындағы бос қуыс өздігінен жабылады.

Жоғарыда атағанымдай, тек нəрестеге дұрыс күтім жасалса жеткілікті: емізуден бұрын нəрестені тегіс, қатты бетке ішке жатқызу керек. Бастапқыда қысқа уақыттан бастап, біртіндеп ішке жату уақытын ұлғайтуға болады. кіндік грыжасын емдеуде де алдын алуда да ішке массаж жасаудың маңызы айтарлықтай көп.

Массажды өзіңіз жасасаңыз, кіндігі түсіп, жазылуын күту қажет. Іш массажының түрлері:

1. Ішті сағат тілі бойынша айналдыра сипау

2. Қарама қарсы қолды қозғау арқылы тік бұлшықеттің массажы: ол үшін оң қолыңызбен төмен қарай іштің сол жағын, ал сол қолыңызбен керсінше жоғары қарай іштің оң жағын сипалайсыз.

Қозғалыстарды жеңіл, ақырын жасаңыз. Тек сирек жағдайда, операциялық ем қажет болуы мүмкін: егер кіндік грыжасы 6 айдан кейн пайда болса, 2 жасында алы 1,5 см.ден артық болса операциялық ем қолданылуы мүмкін.

Кейде грыжадан шыққан ішек тіндері қысылып қалуы мүмкін, ол кезде де операциялық ем қажет, бұл қауіпті асқыну түрі. Сондықтан грыжасы бар нəресте іші ауырып жылап, қатты мазасызданса бірден дəрігерге жүгініңіз

Изменен статус публикации
Добавить комментарий