0 комментариев

Cұлтан Бейбарыс туралы мәліметтерді kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Бейбарыс – ислам әлемін кірескерлердің шабуылынан және моңғол шапқыншылығынан құтқарған тұлға. Ол қарапайым құлдан, мемлекет билеушісіне дейін көтеріле алған.

Тарихи деректерге сәйкес, Бейбарыстың руы – қыпшақ, ол қазіргі Атырау облысының аумағында туылған. ХІІІ ғасырдың 40-шы жылдарында, Дешті-Қыпшақ мемлекетіне моңғол әскері шабуыл жасап, болашақ сұлтан тұтқынға алынды.Бұл заман – құл саудасының өркендеген кезеңі еді. Әлемде көшпенділерден артық шабандоздар жоқ екені барлығына белгілі болғандықтан, жас қыпшақтар құлдыққа сатылып, әскери дайындығын жақсарту үшін Ніл өзенінің ортасындағы аралға жіберіліп отырған. Мысыр билеушілері, мемлекетті жаулардан қорғау үшін жергілікті халықты емес, көшпелі түркі жастарын қолданған.

Арабтар оларды – «мәмлүктер» деп атаған. Бейбарыс өзін мықты сарбаз және қабілетті стратег ретінде көрсетіп, көп ұзамай, Мысыр сұлтанының жеке гвардиясының қолбасшысы етіп тағайындалды.Өзінің алғашқы әскери табысына, кірескерлер жорығы кезінде жетті. Ол 1250 жылы Франция королі Луи IX-дың әскерін талқандап, корольді тұтқынға алған. Бұл шайқастан соң, мәмлүктердің күші және беделі өскенімен, олар бұнымен қанағаттанғысы келмеді. Сол себепті, Бейбарыстың басшылығымен сарай төңкерісі жасалып, мемлекет билеушісі Тұран шах өлітіріді. Алайда, мәмлүктер бұл жолы билік басына келе алмай, Сирияға қоныс аударуға мәжбүр болды.Содан кейін, ол Кутуз сұлтанмен әскери одақ құрып, моңғолдармен соғысуға дайындық басталды.

1260 жылы Айн-Жалут маңында өткен шешуші шайқаста, Бейбарыс 2 мыңдық әскерімен, 20 мың моңғол сарбазына қарсы тұрды. Моңғол әскерін Хулагу ханның қолбасшысы – Кетбұға басқарды. Қарсыластың саны едәуір басым екенін ескеріп, қыпшақтар атты әскерге қарсы зеңбіректерді қолданған. Нәтижесінде, моңғолдардың жылқылары шошынып, артқа қаша жөнелді. Ұрыс аяқталып, Сирияға қайтып келе жатқанда, Кутуз сұлтан өлтіріліп, Бейбарыс билікті өз қолына алды.1277 жылы оны уәзірі Қалауын улап өлтіріп, әйгілі сұлтан Дамаск қаласында жерленді. Оның басқаруымен Мәмлүк мемлекеті гүлденіп, халықтың әл-ауқаты артты. Бұл елге әлемнің түкпір-түкпірінен саудагерлер келе бастады. Қолөнер, ауыл шаруашылығы, ғылым және сауда дамыды. Ол тұрғызған мешіттер, медреселер, бекіністер мен көпірлер әлі күнге дейін сақталған. Кейбір араб тарихшылары, бұл кезеңді – «алтын жылдар» деп атайды.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий