0 комментариев

Талай адам өзінің дертіне шипа іздеп, қаншама километрларды артқа тастап, шекара асып осы көлге емделуге және демалуға келетін жандардың саны жыл сайын өсуде. Бұрынғы  заманнан бері қаншама тарихи шайқастардың куәсі болған құпия мекен Алакөл. Осыған  қатысты тағы да көп сан түрлі ақпаратпен kyn.kz сайтында оқып таныса аласыз.

Алакөлге Қатынсу, Үржар, Жаманөткел, Емелқұйса, Жаманты және Ырғайты өзендері құйылады. Бірақ, көлден су ағып шықпайды, сондықтан, ол ағынсыз болып саналады. Өз атауына сәйкес, бір күн ішінде, түсін бірнеше рет өзгертеді. Жел соқса – сұр, күн шықса – көк, ал жауын жауса – қызғылт түске айналады.

Алакөлді көл деп атау қиын, себебі, оның аумағы теңіз сияқты үлкен. Көлдің ұзындығы – 104 км, ені – 52 км, ең терең жері – 54 м. Жағалаудың климаты континенталды. Максималды ауа температурасы +42 градус. Ал, су бетінің температурасы +26-30 градустар аралығында. Судың тазалығы соншалық, 2-3 метрде жүзіп жүрген балықтарды көруге болады.

Судың құрамында Менделеев кестесіндегі барлық элементтер кездеседі (йодтан басқа). Сол себепті, Алакөл ұзақ уақыт бойы өзінің пайдалы қасиеттерімен ерекшеленген. Көлге шомылған адамның жаны мен тәні тазарады. Жұмсақ суы тері ауруларын жақсы емдейді, ал құрғақ тұзды ауасы, өкпе аурулары кезінде көмектеседі. Сонымен қатар, оның балшықтары да жоғары бағаланады. Ол тірек-қимыл, жүрек-тамыр және жүйке жүйелеріне жағымды әсер етеді.

Бізге дейін жеткен мәліметтер бойынша, Шыңғыс хан, жараланған жауынгерлерін Алакөлге емделуге жіберіп отырған. Ал, Кеңес Одағы кезінде, ғарышкерлер осы жерде радиациядан тазарған.

Орталық бөлігінде, үш аралдан тұратын архипелаг орналасқан. Олар: Үлкен, Орта және Кішкене Аралтөбе деп аталады. 1998 жылы осы аралдарда Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы ашылды. Ол балыққа бай.

Бұл көлде алабұға, салпыерін, көксерке, сазан және мөңке балықтары тірішілік етеді. Сондай-ақ, бірқазан, ақбас үйрек, фламинго және қарабай сияқты сирек кездесетін құстарды кездестіруге болады.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий