0 комментариев

Балқаш туралы алғашқы жазба деректер 13 ғасырдан белгілі екен. Көлді тиянақты зерттеу 17 ғасырда басталған. Орыс картографы және тарихшысы Семен Ремезов деген 1695 жылы- «Бүкіл Сібір жері мен қалаларының сызбалары» атты атласында Балқашты «Теңіз» деген атаумен көрсеткен. 18 ғасырдың басында көлде геодезиялық өлшеу жұмыстары жүргізілген. Балқаш 19 ғасырда К- лапроттың (1836) және швед картографы Иоганн Ренаттың (Жоңғарияның картасын жасаған ғалым) карталарында бейнеленген.- Басқа да шет ел ғалымдарының еңбектерінде Балқаш туралы біршама деректер кездеседі. Орыс ғалымдары да зерттеген. Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов та Балқаш алабына атбасын бұрып, зерттеп, сипаттама жазған. «Көк теңіз» деп те, «Ақ теңіз» деп те атаған көлдің қай заманнан бастап «Балқаш» атала бастағаны белгісіз. Осыған  қатысты қызықты тың деректерді kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Балқаш – Азиядағы ең ірі су қоймаларының бірі. Бұл көл Қазақстанның үш облысының аумағында орналасқан: Алматы, Жамбыл және Қарағанды.

Көлдің жалпы ауданы 16,5 мың шақырымды құрайды. Пішіні жарты айға ұқсас. Оның ұзындығы 600 км, ал ені 70 км-ге дейін жетеді. Ең терең жері – 26 метр. Геологтардың пікірінше, ол 35000 жыл бұрын пайда болған. Балқаштың басты ерекшелігі: оның бір бөлігі – тұшы судан, ал екінші бөлігі – тұзды судан тұрады. Тағы бір таңқалдыратын құбылыс, ол құрғақ климатты шөл далада және жауын-шашын сирек жауатын аймақта орналасқан. Балқаштың флорасы мен фаунасы алуан түрлі. Балықтың шамамен 20 түрі бар! Ежелгі қазақтар оны «Балық ас» деп атаған екен.

Сонымен қатар, құстардың 120 түрі кездеседі, олардың 12-сі Қызыл кітапқа енгізілген. Бұл аймақ – өте сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерге толы. Ежелгі аңыз бойынша, Балқаш есімді сиқыршының, Іле деген қызы болған. Ол өз қызын ең мықты жігітке күйеуге шығарғысы келген. Осы мақсатта сайыс өткізіп, оған ең бай жауынгерлер мен көпестер қатысты. Бірақ, бұл байқауда қарапайым бақташы Қаратал жеңімпаз атанып, Іле екеуі түнде әкесінен қашып кетті. Бұған ашуланған Балқаш, оларды өзендерге айналдырды. Ал, сиқыршының өзі, екі өзеннің қосылуына жол бермеу үшін, көлге айналды.

 

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий