0 комментариев

Сырдария өзені Орталық Тянь-Шань жоталарынан басталып, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан аймағы аркылы өтіп, Қазақстанда Арал теңізіне келіп құяды. Ұзындығы – 2219 км.

Қазақстандағы ұзындығы – 1400 км. Сырдария өзені Шығыс жазбаларында Шаш, Ходжент, гректерде Яксарт, арабтарда Сейхун деп кездеседі. Парсы-түрік тілдерінен аударғанда «інжу- маржан» мағынасын білдіреді.

Өзеннің суы халықтың отырықшы болуына, егіншілікті игеруге, көптеген қалалардың салынуына себепші болды. Арал теңізіне құяр жерінде суы мол жылдары кеме жүрген. Өзен бойында ежелгі қалалардың орны бар. Соның бірі – XIX ғасырда салынған көне Қызылорда қаласы.  Jсыған қатысты қызықты ақпаратты kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Өзен тар болғандықтан, кеме жүргізу үшін жарамсыз. Бірақ, суару арналарының көп болуы, Ферғана алқабында қауын мен мақтаны үлкен мөлшерде өсіруге әсер етті. Алайда, ХХ ғасырдағы адамның ақылсыз әрекеті, аймақтың экологиялық жүйесіне жағымсыз салдар әкелді. Шаруашылық қажеттіліктер үшін кеңінен қолданылуына байланысты, судың көлемі 1960 жылмен салыстырғанда, 10 есе азайды. Кеңес үкіметі кезінде, бұл өзеннен жылына 300 тонна балық ауланатын.

Қазіргі уақытта, балықтың түрі де, саны да күрт азайған. Сырдария бойында, өткен ғасырдың ортасында Шардара су қоймасы құрылды. Ол егістіктерді суару мақсатында пайдаланылады. Ал, 2011 жылы көктемгі су тасқынын тоқтату мақсатында, Көксарай су қоймасы салынды. Оның ұзындығы 45 км, жалпы көлемі 3 миллиард текше метрді құрайды.

Сырдария жағалауында: қабандар, үйректер, қырғауылдар, қаздар және сирек жағдайда жолбарыстар кездеседі. Суында: құбылмалы бақтақ, қызылқанат, айнакөз, сүйрікқанат, қара амур және т.б. балық түрлері тіршілік етеді.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий