0 комментариев

Ертіс – республикамыздағы ең үлкен өзен. Ұзындығы – 4248 км. Оның Қазақстандағы ұзындығы – 1700 км. Моңғол Алтайынан басталып, Қазақстанның шығысынан өтеді де, Ресей аймағындағы Обь өзеніне келіп құяды. Негізгі суды Алтай, Сауыр тауының өзендерінен алады. Ертіс «иір өзен, иір су» деген мағынаны білдіреді.

Өзен суы күздің соңғы айларынан көктемге дейін қатып жатады. Жылы кездерде кеме қатынасына мүмкіншілік болады. Ертіс қалаларды, өндірісті, кейбір егінді алқаптарды сумен қамтамасыз етеді. Ертіс – Қарағанды каналы тартылған.

Өзен бойында XVIII-XIX ғасырлар аралығында салынған қазіргі Өскемен, Семей, Павлодар қалалары орналасқан. Осыған қатысты қызықты ақпаратты kyn.kz  сайтынан оқи аласыз.

Орталық Қазақстан пайдалы қазбаларға өте бай, бірақ бұл аймақта су өте аз. Жазда құрғап кететін бірнеше кішкентай өзендер, халықтың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады. Сол себепті, 1974 жылы ұзындығы 458 км-дан асатын үлкен Ертіс-Қарағанды ​​каналы салынды. Арнаның екінші кезеңі Жезқазғанға дейін созылған. Ол Павлодар және Қарағанды ​​облыстарын сумен қамтамасыз етуде.Бұл өзен – Сібір мен Қазақстан арасындағы кеме жүретін маңызды канал болып саналады. Сондай-ақ, бұл өзенде су электр станциялары мен бөгеттер салынған.

Олар: Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі. Жобаға сәйкес, олардың саны 13 болуы керек еді, бірақ, судың деңгейінің төмендеуіне байланысты, билік өкілдері бұл жоспардан бас тартуға мәжбүр болды. Мамандардың айтуынша, соңғы 30 жыл ішінде Ертіс ағысы 3 есе азайды. Қазіргі уақытта Қытай суды жылына 1,0-1,5 км3 көлемінде алады, ал болашақта оны 4,0-5,0 км3 көлемге дейін көбейту жоспарлануда. Бұл жағдайда Бұқтырма мен Шүлбі су қоймалары сусыз қалуы мүмкін. Қытайдың бұл әрекеттері, Қазақстан мен Ресейдің наразылығын туғызып жатыр. Егер, осы жобалар іске асырылса, Шығыс және Орталық Қазақстанға экологиялық апат қаупі төнеді.

Жалпы айтқанда, өзеннің келешегі – Қытайға байланысты. Ол балыққа бай. Мұнда сүйрік, сылан, бекіре, шортан, алабұға және шоқыр балықтары өмір сүреді. Сонымен қатар, өзеннің алқабында орналасқан көптеген табиғи ескерткіштер, тарихи орындар, туристік маршруттар және археологиялық ескерткіштер, оның танымал демалыс орнына айналуына себеп болды.

 

 

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий