0 комментариев

Отырар – аты аңызға айналған ортағасырлық қала орны, ұлылар дүниеге келген қасиетті мекен. Ол тарихта Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб деп те аталып келген. Ежелгі қала Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар ауданынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Отырардан шыққан жол Таразға, Баласағұнға, Шығыс Түркістанға апарады. Одан ары Сырдария арқылы жүріп, ежелгі Шашқа, Соғдыға және Мерв пен Нишапурға, Арал жағалауы мен Жайыққа жеткізеді. Батыста Қызылқұм арқылы Хорезмге, одан әрі Еділ бойына, Қара теңіз жағалауы мен Кавказға апарады. Тарихи қалаға қатысты қызықты мәліметтерді kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Бірнеше ғасыр бойы, Ұлы Жібек жолының керуендері осы қала арқылы өткен. Араб ғалымдары өз еңбектерінде, оны Қазақстанның ғана емес, сонымен бірге, Орталық Азияның сауда және мәдени орталығы деп санаған. XIII ғасырдың басында, Отырар қаласы 200 мың тұрғыны бар, жоғары маңыздылыққа ие қалаға айналды. Ол Хорезмшах империясының құрамында болды.

Алайда, 1218 жылы қаланың билеушісі қонақжайлылықтың барлық заңдарын бұзып, Шыңғыс ханның елшілерін өлтіріп тастаған. Бұған моңғол ханы қатты ашуланып, өз әскерімен Орта Азияға аттанды. Нәтижесінде, Отырардың барлық тұрғындары өлтіріліп, қала өртеліп жіберілді. Әмір Темірдің бұйрығымен, Отырарға жақын жерде, әйгілі Арыстан баб кесенесі тұрғызылды.

Бұл кесене қаланың ең көрікті жерлерінің бірі болып саналады, оған әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген туристтер келіп жатыр. Сондай-ақ, Темірланның тапсырмасы бойынша, бұл қалада Бәрдібек сарайы салынды. Сарайдың қалдықтары әлі табылған жоқ, бірақ, археологтар қазба жұмыстарын жалғастыруда.

Ол XV ғасырда қайта құрылып, Қазақ хандығының экономикалық және саяси орталығы болды. Алайда, XVIII ғасырдың ортасына қарай, жоңғар әскерінің шапқыншылығынан кейін, қала қайтадан қиратылды.

 

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий