0 комментариев

Тіршілік көзінің бірі бұл су. Біз әдетте оның ағзаға тек пайдалы жағын ғана көбірек айтамыз, әйтседе егер адам мөлшерден тыс қолданса оның да зияны бар. Осы екі қасиетіне жеке-жеке тоқталып, ақпарат алғыңыз келсе kyn.kz сайтын оқи аласыз.

Адам 65%-ға судан тұрады. Судың адамның денсаулығына тигізетін пайдасы мен маңызы өте үлкен.

Судың пайдасы.  Суды жеткілікті мөлшерде пайдаланған жағдайда, ағзадан тұздар мен токсиндер шығарылады. Сондықтан, жұқпалы аурулар мен улану кезінде көбірек ауыз суын ішу ұсынылады.

Терінің сұлулығын сақтап қалу үшін үнемі таза су ішіңіз. Өйткені, сусыз тері құрғап, өз серпімділігін жоғалтып, әжімдердің пайда болуына әкеліп соғады.

Асқазанның дұрыс қызмет етуін қамтамасыз етеді. Сусыз ішек баяу жұмыс істейді, сол себептен адамның іші жиі ауырып, ауыздан жағымсыз иіс шығады.

Оны дұрыс мөлшерде тұтыну, жүрек ауруларының даму қаупін 41%-ға төмендетеді. Адамның иммундық жүйесіне пайдасы үлкен.

Суды аз ішетін адамдар әр түрлі ауруларға бейім болады.

Тамақтану алдында 5-10 минут бұрын су ішсеңіз, сіздің тәбетіңіз жоғалады. Бұл арықтауға көмектеседі.

Ағзада судың аз болуы, бастың ауруына әсер етеді. Екі стақан сұйықтықты ішсеңіз, бастың ауруы басылады.

Судың зияны.

Ағзада судың мөлшері тым көп болса, ол жүрек және бүйрекке жүктемені екі есе арттырады.

Аз мөлшерде су ішкен жағдайда, бас ауыруы, әлсіздік және зәр шығару кезінде қиындықтар туады.

Суық суды ішу зиянды, өйткені ол асқазан мен ішкі құрылысты салқындаып, біраз уақыттан кейін ауруларға әкелуі мүмкін. Ауа райы ыстық болғанның өзінде, жылы сұйықтық ішуге кеңес беріледі.

Тым ыстық қылдырып ішу, асқазанда ойық жара немесе панкреатиттің басталуына әкелуі мүмкін.

 

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий