0 комментариев

Осы уақытқа дейін ғалымдар ең ұзын өзен статусына қатысты бүгінде әртүрлі пікір айтып жүр. Олардың бір тобы Африка құрлығындағы Нілді ең ұзын десе, тағы бір тобы әлемдегі ең ұзын өзен Амазонка екенін алға тартады. Риторикалық сұрақтың соңғы жауабын анықтау үшін өткен ғасырда өлшеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде ең ұзын өзен Оңтүстік Американың солтүстігімен ағып өтетін Амазонка екені белгілі болды. Амазонкаға қатысты қызықты  тың  ақпараттарды kyn.kz сайтынан оқи аласыз.

Мамандардың пікірінше, өзеннің жасы – 9 миллион жыл. Жалпы ауданы – жеті миллион шаршы шақырымнан асады. Оның аумағына Австралия немесе АҚШ сияқты елдерді орналастыруға болады. Ені – 200 км, ал тереңдігі – 100 метрге дейін жетеді. 5 мемлекеттің аумағынан ағып өтеді.

Амазонға алғашқы саяхатты – 1842 жылы испан конкистадоры Франсиско Орельяна жасады. Жүзу сапары кезінде крокодил, анаконда, пиранья және акулаларды кездестірген испандықтарға, бұл экспедиция қаншалықты ауыр болғанын тіпті елестету қиын.

Олар саяхат барысында, жергілікті үндістермен соғысуға мәжбүр болды. Осындай бір шайқас кезінде, садақтармен қаруланған жартылай жалаңаш әйелдерді көрген еуропалықтар, олардың ерлігіне таң қалды. Бұл әйелдер ежелгі аңыздағы «амазонкаларға» ұқсағандықтан, өзенге «Амазонка» деген атау берілді.

Өзенде 2000-ға жуық балық түрі тіршілік етеді. Ең үлкені пираруку деп аталады. Оның салмағы 200 кг. Сонымен қатар, адамды 300 вольтпен соғып өлтіретін жыланбалықты да жиі кездестіруге болады. Бірақ, ең қорқыныштысы – ол әрине пиранья (бөрібалық).

Бұл жыртқыш балық өзінің агрессивтілігімен ерекшеленеді. Олар бірнеше минуттың ішінде, сиырды толығымен жеп қойып, қаңқасын ғана қалдырады. Анаконда – Амазон өзенінің патшасы. Бұл жылан – көптеген қорқынышты фильмдердің басты кейіпкері болған.

Оның ұзындығы – 7 метрге дейін жетеді. Ол өз олжасын қатты қысып өлтіріп, содан соң толығымен жұтып қояды.Кейбір мәліметтер бойынша, судың молдығы жағынан әлемде бірінші орын алады. Бір тәулікте, Атлант мұхитын 19 текше шақырым сумен толықтырады. Бұндай мөлшермен, Нью-Йоркты 12 жылға сумен қамтамасыз етуге болатын еді.

 

Изменен статус публикации
Добавить комментарий